Page 16 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. Г. Спенсер. КІСІ ЖӘНЕ МЕМЛЕК

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
тұтас бір категорияларына тиеді. Сұраңыздар, Бирмингем қандай жағдайда өзін тасбақа
бұйымдарын шығаруға немесе Старфордширдің бір бөлігі қаз бұйымдар жасауға, немесе
бүкіл Ланкашир мақта мата тоқу өндірісіне өздерін қалай арнай алады. Сұраңыздар, ауыл
халқы өзінің арнайы міндетін: мына жерге бидай егу, ал ана жерде мал бағу міндетін
орындау мүмкіндігін қалай табады. Барлық осынау жекелеген топтар, егер олардың
әрқайсысы басқаларына, өз өнімдерінің артығы үшін айырбасқа олардың өнімдерінің
артығының бір бөлігін алмаса, солай қарекет жасай алмас еді. Және олар осынау екі
жақты айырбасты енді тікелей емес, жанама түрде, ақша арқылы жүргізеді, және егер біз
өндірушілер тобы өзіне қажет ақша қаражатын қайдан табатынын іздестіре бастасақ, біз:
шартты орындау жолымен деген жауап алар едік. Егер жүн мата тоқитын Лидс шарттың
сақталмауынан егіншілік аудандардан қажетті азық-түлік мөлшерін алуға қажетті
қаражатты таба алмаса, оның аштан қырылып қалуына, жүн мата шығаруды тоқтатуына
тура келер еді. Егер шойын құюмен айналысатын Уэльс киім үшін мата алу мүмкіндігін
беретін шарттасқан эквивалент ала алмаса, оның өндірісі тоқтауға тиіс. Және бұл картина
барлық жерде, жалпы жағдайда да, жеке жағдайда да байқалады. Біз қоғамның да,
индивидтің де ұйымдастырылуынан көретін жекелеген бөліктердің осынау өзара
тәуелділігі мынадай жағдайда ғана мүмкін болады: әрбір бөлік өзінің ерекше, үйреншікті
кызметін атқарып, басқа бөліктер келісім бойынша белгіленген мөлшерде өнім өндіру
үшін бірігуіне қажетті заттардың тиісті бөлігін беріп отыруға тиіс. Мұның үстіне,
шарттың орындалуы арқылы өндіріс пен мұқтаждық арасындағы тепе-теңдік орнайды да,
соның салдарынан пышақ коп, ланцет аз жасалады, бидай көп, қыша тұқымы аз себіледі.
Әрбір тауардың тым көп өндірілуі белгілі бір мөлшерде артық тауарды ешкім, оған
ақшамен дәл эквиваленті берілу керек деген шартты бұзбай, өткізе алмайтынымен
шектеледі. Осылайша қоғам мұқтаж емес нәрсені өндіруге бекер еңбек жұмсаудың алды
алынады.
Ақыр соңында біз әлгіден де елеулі бір фактты атап өтуге тиіспіз: жұмыс істейтіндердің
арнаулы тобы қоғамның белгілі бір еңбекке қажетінің ұлғаюына байланысты өз қызметін
кеңейте алуының бірден-бір шарты - шарттардың еркін жасалуы және олардың
орындалуының қамтамасыз етілуі. Егерде шикізаттың жетіспеуінен Ланкашир макта
маталардың әдеттегі мөлшерін бере алмаған кезде, мәміле жасасу ісіне біреу-міреу
араласып, Иоркширге оның өзі жүн матаға сұранымның ұлғая түскенін ескере отырып,
өндіре алатын жүн матаға бағаның ұлғайтылуын талап етуге тиым салса, онда жүн мата
мануфактурасына көбірек капитал жұмсау пайдалы болып көрінбес те еді, материалдар
көлемі де, жұмысшылар саны да, жүн маталар өндіру де артпас еді. Нәтижесінде мақта
маталардың тапшылығы жүн маталардың көптігімен жабылмайтындығынан зардап
шегеді. Ұлт мүшелері өздерінің ара¬сында шартты еркін жасай алмайтындығының
салдарынан ұлтқа орасан зиян тиетінін біз темір жолдарды дамыту ісінде Англия мен
Франция арасында орын алып отырған кереғарлықтан көре аламыз. Англияда әуелгіде
қарсылық парламентте басым таптар тарапынан жасалғанымен, бұл капиталистердің өз
капиталдарын салуына, инженерлердің жұмысқа басшылық жасауына, кәсіпкерлердің сол
жұмыстарды жүргізуіне бөгет бола алған жоқ; әу баста мұнда жұмсалған капиталдың мол
пайда әкелуі, инженерлер тапқан мол табыс темір жолдар салу ісіне ақшаның, күш-
жігердің, білімнің ағылып келуіне себеп болды, мұның өзі біздің темір жол жүйесін тез
дамытуға, біздің ұлттық әл-ауқатымыздың өсуіне орасан зор серпін берді. Бірақ сол кезде
қоғамдық жұмыстар министрі Тьер Англияға іспен танысуға келгенде жол-жөн көрсетіп
жүрген Виньолға "Темір жолдар Францияға жарамсыз ғой" деп ойлаймын дегені бар.
Осының салдарынан ол қабылдаған, шарт еркіндігіне қарсы саясат Францияның темір
жолдар салынғаннан кейін өрістеген материалдық прогресін 8-10 жылға кешеуілдетті.
Осынау фактылардың бәрі нені білдіреді? Олар қоғамдық өмірдің қажеттері мен
мұқтаждарына қызмет ететін әрқилы өнеркәсіп салалары, әрқилы жұмыстар, кәсіптер ең