Қазақстанның ашық кітапханасы
байқаудан да құқықтың өмірді қолдап отыруға жәрдемдесетін қарекеттерді орындау
жөніндегі оң ыңғайдағы элементі өмір заңдарынан туындайтыны, құқыққа оның теріс
ыңғайдағы элементі беретін этикалық сипат әлеуметтік топтасумен жасалатыны анық
бола түседі.
Шынында да, үкіметке "құқықтар жасауды" телитін пікірдің ақиқаттан алшақтығы
соншалық, біз қарама-қарсы нәрсені кесіп айта аламыз: үкіметтің болуынан бұрын азды-
көпті анық белгіленген құқықтар құлдарды бағындыру және иерархияны орнату арқылы
мемлекетті жасайтын зорлық-зомбылық практикасымен қатарласа дамитын үкіметтің
даму шамасына қарай көмескілене түседі; ал құқықтарды мойындау, оз кезегінде, әскери
режим тұрақты болуын тоқтатып, үкімет билігі құлағанда ғана анық бола алады.
Егер біз индивидтер өмірінен қоғамдар өміріне көшсек те осы картинаны көреміз.
Тіл табыса кетудің қарапайым инстинкті алғашқы қауым адамдарын топтарға бірігуге
итермелесе де, бұған оларды одан коп еліктіретіні - бірлескен қарекеттің ықтимал пайда
тәжірибесі. Осынау бірлескен қарекет қандай шартпен туындай алады? Өздерінің күш-
жігерін біріктіретін адамдар содан тікелей өздері үшін пайда алады деген бірден-бір
шарт¬пен бірігетіні айдан анық. Егер, ең қарапайым жағдайдағыдай, олардың әрқайсысы
атқара алмайтын немесе қиналып атқаратын бірдеңені жасау үшін бірігетін болса, олар
ынтымақтастыққа мынаны көздеп кірісуге тиіс: не олар пайданы өзара бөліседі (мысалы,
олардың кейбіреулері жабайы аң ұстаса), не, егер бүкіл пайданы біреуі көретін болса
(мысалы, олар лашық салса не егіс егу үшін жер аршыса), басқалардың әрқайсысы оз
кезегінде бірдей пайда алады. Олар, өздерінің күш-жігерін бір шаруаны бітіру үшін
біріктірудің орнына, бірнеше әрқилы шаруа бітірумен айналысқан кезде, өнімдерді
міндетті түрде айырбастау жүргізілетін еңбек бөлінісі пайда болған кезде, келісім әрбір
адам езінде тым көп өнім орнына, өзіне жетпейтін өнімнің шамалас эквивалентін
басқалардан алатынын көздеуге тиіс. Егер ол бір қолымен беріп, екінші қолымен ештеңе
алмаса, болашақ айырбас жөніндегі ұсынысқа жауап бермейді де, адамдар әркім өзі үшін
өзі істеген абсолютті алғашқы ахуалға қайтып оралады. Сонымен, кооперация жасау
мүмкіндігі үнсіз көзделетін немесе анық білдірілген шарттың орындалуына тәуелді
болады.
Осылайша, қоғамның өмірі соның көмегімен қолдау тауып отыратын өнеркәсіптік ұйымға
қарай алғашқы кадамнан бастап, оның бүкіл даму барысында азды-көпті ұқсас түрде
қайталанып отыруға тиіс. Әскери тұрпатта ұйымдастырылған, тұрақты соғыстан
туындайтын үкіметтік мәжбүрлеу жүйесі бар қоғамда шартқа негізделетін қатынастар
оншалық айқын көрінбегенімен, ондай қатынастар бәрібір орын алады. Олар әлі бостан
адамдар мен алғашқы қоғамдардың әлсіреген бірліктері болып табылатын шағын
топтардың бастықтары арасында, сондай-ақ белгілі бір дәрежеге дейін сол топтардың
өздерінде сақталады, өйткені олардың топ ретіндегі тіршілігі, олардың мүшелерінде, тіпті
олар құлдар болса да, өздерінің еңбегінің есесіне киім-кешек, тамақ және қамқорлық
мағынасында бәрін де алу құқығының мойындалуынан туындайды. Және де соғыстар
сирей түскеннен кейін ерікті кооперация мәжбүрлі кооперацияны барған сайын көбірек
алмастыра бастаған және сауда өрістей бастаған кезде, біршама уақытқа тоқтап қалған,
келісім бойынша айырбасқа негізделген әлеуметтік өмір қалпына келген кезде, сонда
өнеркәсіптік ұйымдасудың таралуы мен жетілдірілуі мүмкін болады, ал үлкен қоғамдар
сондай ұйымдасу көмегімен бекем тұрады.
Шарттар неғұрлым еркін болса, олардың орындалуы неғұрлым бұлжымас болса, прогресс
солғұрлым көрнекі, әлеуметтік өмір соғұрлым белсендірек болады. Енді шартты бұзудың
тажалды зардаптары тек оны жасағандарға ғана тиіп қоймайды. Дамыған қоғамда ол
зардаптар еңбек бөлінісінің арқасында пайда болған өндірушілер мен сатушылардың