Page 12 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. Г. Спенсер. КІСІ ЖӘНЕ МЕМЛЕК

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Сонымен қабат басқа бір, неғұрлым елеулі өзгеріс те болып жатты. Мемлекет зорлыққа
қарсы индивидті қорғауға араласпаған алғашқы кезде, оның өзі әрқилы зорлық-зомбылық
жасайтын. Өзі жөнінде естелік қалдыруға дейін жетілген ежелгі қоғамдардың бәрінің
жаулап алушылық сипаты болды, қайда қарасаңыз да әскери режимнің таңбасын көресіз.
Шайқасып жатқан армияны ойдағыдай ұйымдастыру үшін, солдаттар енжар мойынсұнып,
өздерінің бастықтарының рұқсатынсыз ешқандай бастама жасауға тиіс болмайтындығы
секілді, әскери қоғамды ойдағыдай ұйымдастыру үшін азаматтар өзінің жеке ырқын
бағындыруға тиіс. Жеке құқықтар қоғамдық құқықтар алдында жым болып, кісі өз
қарекеттері еркіндігінің көп бөлігінен айрылды. Мұның бір нәтижесінде әскери тәртіп
қоғамды, сондай-ақ армияны билеп алады да, қылықты егжей-тегжейлі реттеу ісін
жетелей келеді. Бастықтың нұсқауы қасиетті нұсқау, өйткені ол құдайдан, оның ата-
бабаларынан шығады-мыс деп саналатындықтан, жеке бостандық ұғымында ешқандай
шектеуге ұшырамайды және адам қарекеттерін ұсақ-түйегіне дейін: тамақта, ас әзірлеу
тәсілдерінде, шаш пен сақал қоюда, киім әшекейлерінде, тұқым себуде және т.б. реттеп
отырады. Еуропаның барлық дерлік ежелгі ұлттарында ұшырасатын осынау жаппай
қадағалау сондай-ақ кең ауқымда Грекияда байқалады және грек мемлекеттерінің ен
жаугері - Спартада ең жоғары дәрежеге дейін дамытылды. Осы секілді орта ғасырларда
бүкіл Еуропада, соғыс тұрақты ахуал, сол ахуалға тән саяси пошымдар мен ұғымдар
болған кезде үкіметтің араласуының қандай да бір шегі болғаны неғайбыл: егіншілік,
өнеркәсіп, сауда егжей-тегжейлі жасалған ережелерге бағынатын; дән мен қулы заңмен
міндеттелетін және аң терісін киюге, ыдыс-аяқты пайдалануға, кітап бастыруға, кептер
ұстауға кімнің хақысы бар екенін бастықтар шешетін. Бірақ өнеркәсіптік қызметтің
дамуына және үкіметтік мәжбүрлеу режимін шарт режимімен алмастыруға, соларға сәйкес
келетін сезімдердің, дамуына (әскери режимге оралуға ере жүретін күні кешелергі
реакцияға дейін) байланысты индивидуалдық қарекетке осынау килігу кеми бастады. Заң
шығарушы егін беретін өнімді жинау ережелерін міндеттеуді, мал саны мен жер
десятинасы санының ара қатынасын белгілеуді, еңбек тәсілдері мен пайдалану керек
материалдарды мамандандыруды, еңбек үшін ақы және тамақ бағасын белгілеуді, киіну
мәнері мен ойын ережесіне (алаяқтық болмаған жағдайда) араласуды, әртүрлі азық-түлікті
шетелден әкелгені немесе шетелге шығарғаны үшін жаза белгілеуді немесе награда
беруді, белгілі бір діни немесе саяси сенімдер ұстануға міндеттеуді, азаматтардың оз
тілектері бойынша қосылуына немесе қалаған жеріне саяхаттауына кедергі жасауды бірте-
бірте қоя бастады. Басқаша айтқанда, өзінің қимыл-қарекет салтының көп бөлігі жөнінде
азаматтардың бақылаусыз қарекет жасау құқығы үкіметтің оны бақылап оты¬ру
пиғылынан басым түсті. Үкімет азаматтың ол өзінің өмірлік мақсаттарын көздейтін жеке
өріске килігу атаулыны серпіп тастауына барған сайын көбірек көмектесе берді де, сайып
келгенде сол өрістен өзі кетті, басқаша айтқанда өзінің араласу саласын тарылтты.
Біз нақ сол эволюцияны көрсететін фактылардың барлық категорияларын әлі атап
өткеніміз жоқ. Заңдарды жақсарту мен реформалау оны солардың авторларының
мәлімдемелері секілді аша түседі. XV ғасырдан бастап, дейді профессор Поллак, бір қазы,
ортақ құқық мәселесін шеше отырып, мынаны мәлімдеді: "жазылған ережелерде
көзделмеген жағдайларда заңгер кеңесшілер мен канонистер барлық заңдардың негізі
болып табылатын жаратылыстық заңға сәйкес келетін жаңа ережені ойлап тауып келсе,
мұны Вестминистер соты да істей алады және істегісі келеді". Мұның үстіне жалпы
құқықтың кемістіктерінің орнын толтыру үшін немесе әділетсіздіктерді түзету үшін
енгізіліп, дамытылған біздің моральдық жүйе түгелімен тіпті заң билігі атаулыдан тыс
орын алатын индивид құқықтарын мойындауға негізделген. Заң шығарушылар тарапынан
біршама қарсылықтан кейін, оқта-текте заңдар ұшырайтын өзгерістер қажетті әділеттілік
туралы жалпыға таралған ұғымдарға, заңнан туындау былай тұрсын, қайта оған кереғар
ұғымдарға сәйкес жасалады. Осылай, мысалы, жақында жарияланған, күйеуі бар әйелге
оның өзі алған заттарға меншік құқығын беретін заң жұмсалған еңбек пен алынған пайда