Page 13 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. Г. Спенсер. КІСІ ЖӘНЕ МЕМЛЕК

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
арасындағы жаратылыстық байланыс бері салғанда сақталуға тиіс дегенді түсінуден
туындағаны айдан анық. Реформаланған заң құқық жасаған жоқ, қайта құқықты мойындау
реформаланған заңды жасады.
Осылайша тарихи дәлелдердің әрқилы бес санатынан құқық туралы халық ұғымдары
қаншалықты бұлдыр болса да, көбіне жарамсыз болса да, соған қарамастан оларда ақиқат
нышаны бар деген сенім туындатады.
Енді біз осынау ақиқат қайдан шыққанын қарастыруға тиіспіз. Мен жоғарыда, әлеуметтік
құбылыстардың, барлығы егер оларды тереңдей қарастырсақ бізді өмірдің заңдарына
жетелейді және, егер біз осынау өмір заңдарына жүгінбесек оларды түсіне алмайды деген
баршаға мәлім құпия туралы айтқан болатынмын. Сондықтан, жаратылыстық құқықтар
туралы мәселені саяси топырақтан ғылым, атап айтқанда, өмір ғылымы саласына
көшірелік. Оқырман қорықпай-ақ қойсын: бізге ең қарапайым да ең айдан анық фактылар
жеткілікті болады. Біз әуелі индивидуалдық өмірдің жалпы жағдайларын, содан кейін
әлеуметтік өмірдің жалпы жағдайларын қарастырамыз. Біз бұлардың екеуі де бір
тұжырымға жетелейтінін аңғарамыз.
Хайуандық өмір күшті азайтады; әрбір жоғалтылған нәрсе есесін қайтаруды талап етеді;
есесін қайтару үшін тамақтану қажет. Тамақтану оз кезегінде тамақ табуды қажет етеді;
тамақ басып алу қабілетінсіз, және әдетте, қозғалып отырмай табылмайды; ал бұл қабілет
даму үшін қозғалыс еркіндігі қажет.
Сүт керекті жануарды тар кеңістікке қамап қойыңыз, немесе аузын тұмылдырықтап
қойыңыз, яки оның өзі тапқан азықты тартып алыңыз, егер осы эксперименттердің біреуі
ұзаққа созылса, сіз оны өлтіріп аласыз. Белгілі бір шектен кейін оз қажетін
қанағаттандырудың мүмкін еместігі тажалды болып шығады. Жоғары дамыған жануарлар
туралы біз айтып отырған нәрсе, әрине, адамға да катысты.
Егер біз пессимистер жағына шығып, олардың өмір дегеніңіз түп-тұқиянымен құрту керек
болатын жамандық деген тұжырымына қосылсақ, онда өмірге нәр беріп отыратын
қарекеттің инсанняттық негізі атаулы ғайыпқа кетеді де, бүкіл мәселе тас-талқан болады.
Егер біз оптимизм доктринасын яки прогресс доктринасын қабылдасақ, егер біз жалпы
алғанда өмір қасіреттен гөрі көбірек қуаныш береді немесе ол қайғыдан гөрі көбірек
ләззат беретін жол үстінде десек, онда өмірге нәр беретін қарекеттер ақталады да, соларды
орындау еркіндігі парасатты негізге ие болады. Егер біз өмірдің құнын түсінсек,
адамдардың тіршілікке нор беретін қарекеттерді орындауына бөгет жасамауымыздың
керектігі өз-өзінен белгілі болады. Басқаша айтқанда: сол қарекеттерге бөгет жасамау
әділетті деп мойындалады екен, демек, соларды жасау құқығы да мойындалады.
"Жаратылыстық құқықтар туралы ұғым", егер өмір ақталатын болса, соны сақтау
мақсатында қажет болатын қарекеттер де ақталуға тиіс, демек сол қарекеттер мүмкіндігін
қамтамасыз ететін бостандықтар мен құқықтар да акталуға тиіс, деген ақиқатты
мойындаудан бастау алғаны айдан анық.
Бірақ бұл ұсыныстың, адам жөнінде ғана емес, басқа тіршілік иелері жөнінде де рас бола
тұрып, инсанияттық сипаты жоқ. Инсанияттық сипат тек индивидке, өз өміріне нәр
беретін қызметті дамыта түскенде, ненің рұқсат етілетін мен ненің рұқсат етілмейтіні
арасында айырмашылықтың тууымен бой көтереді. Бұл айырмашылықтың тек
индивидтер тобы болғанда ғана туындайтыны айдан анық. Егер индивидтер тікелей
жанасатын болса, немесе тіпті бір-бірінен біршама қашық болса да, біреудің қарекеті
басқаға ықпал ете алады және егер олардың кейбіреулерінің бәрін де істей алу жөніндегі
шексіз билігі бар екенін, ал басқаларында ондай билік жоқ екенін дәлелдеу мүмкін