Page 11 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. кисинджер. ДИПЛОМАТИЯ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
көшбасшылар өте-мөте тұтас және өмірдің интеллектуалдық дәстүрлердің жемісі
болатын.
Қазір пайда болып келе жатқан тәртіпті мүлде әртүрлі мәдениеттердің өкілдері болып
табылатын мемлекет қайраткерлері құруға тиіс болады. Олар аса күрделі бюрократиялық
жүйелерді басқарады, сондықтан бұл мемлекет қайраткерлерінің күш-қуаты көбіне
мақсатты анықтауға емес, әкімшілік машинаны іске қосуға кетеді. Олар басқару үшін
ұдайы қажет емес, халықаралық тәртіп құру үшін жарамды одан да кем қасиеттерінің
арқасында жоғары дәрежеге жетті. Бұл орайда көп мемлекетті жүйенің бірден-бір жұмыс
істейтін моделін батыс қоғамдары жасады, ал халықаралық тәртіпке қатысушылардың
көбісі оны қабылдамауы мүмкін.
Дегенмен толып жатқан мемлекеттерді қамтитын, Вестфалия бітімінен бүгінге дейін,
бұрынғы әлемдік тәртіптің асқақтауы мен күйреуі - осы заманғы мемлекет
қайраткерлеріне қаншалықты қыр көрсету мүмкіндігін түсінуге тырысып сүйенуге
болатын бірден-бір тәжірибе көзі. Тарих сабақтары қарекетке автоматты түрде
пайдалануға болатын басшылық құрал емес; тарих қатар қоюға болатын ахуалдардың
бірдей салдарларын аша отырып, ұқсастық бойынша үйретеді. Алайда әрбір ұрпақ өзі
үшін қандай жағдайлар салыстыруға келетінін өзі анықтауы керек.
Зерттеуші ғалымдар халықаралық жүйелердің жұмысын талдайды; мемлекет
қайраткерлері оларды құрады. Және де алдаушы мен мемлекет қайраткерінің
көзқарастарының арасында орасан зор айырмашылық бар. Талдаушы нақ қандай мәселені
зерттегісі келетінін өзі таңдай алады, ал мемлекет қайраткерінің басына проблемалар
өздігінен үйіліп-төгіледі.
Талджамшы уақытпен шектеулі емес, ол анық та айқын қорытындыға келу үшін қанша
уақыт жұмсаса да ерікті; керісінше, мемлекет қайраткері ылғи цейтнотта жүреді.
Талдаушы ешқандай тәуекелге бармайды. Егер оның қорытындылары дұрыс болмаса, ол
жаңа трактат жазады. Мемлекет қайраткерінің бір ғана әрекет жасау мүмкіндігі болады;
егер ол тап баспаса, қатені түзету мүмкін болмайды. Талдаушының қолында барлық
фактылар болады; және оған оның интеллектуалдық қабілеттеріне қарап баға беріледі.
Мемлекет қайраткері дәл сол сәтінде өзі дәлелдеп бере алмайтын бағаларды басшылыққа
ала отырып қимылдауға мәжбүр; тарих оған қажет өзгерістерді қаншалықты даналықпен
іске асыруға қол жеткізді, ең бастысы, қандай дәрежеде бейбітшілікті сақтай білді -
осының негізінде баға береді. Міне сондықтан да әлемдік тәртіп орнату проблемасын
мемлекет қайраткерлерінің қалай шешкенін - ненің іске асқанын, ненің аспағанын және
неліктен екенін зерттеу қазіргі дипломатияны түсінудің түпкі мақсаты емес, қайта соның
басы бола алады.
31-тарау
Жаңа әлемдік тәртіп проблемасына оралу
XX ғ. соңғы онжылдығының басында вильсоншылдық салтанатты шеру үстінде секілді.
Коммунистік, идеологиялық және кеңестік геосаяси қыр көрсету бір мезгілде еңсерілген
болып шықты.
Үстіміздегі ғасыр бойында АҚШ өз құндылықтарын бүкіл дүниежүзілік кеңістікте
қолданып, өзінің жаңа әлемдік тәртіп құрғысы келетіндігін үшінші рет жариялап отыр.
Үшінші рет те ол барлық халықаралық аренадан асқақ тұрғандай көрінеді. 1918 жылы