Page 10 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. кисинджер. ДИПЛОМАТИЯ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Қырғи қабақ соғыс жылдары Жапонияның қауіпсіздігіне негізгі қатер төндірген Кеңес
Одағы болғанда, ол өзінің сыртқы саясатын одан пәлен мың миль қашықтағы АҚШ- тың
саясатымен теңдес көретін ахуалға жете алды. Қыр көрсету сан алуан болып келетін жаңа
әлемдік тәртіп өткенін мақтан тұтатын елді бірден-бір одақтасқа бағытталған өз
көзқарасын қайткенде де қайта қарауға мәжбүр етеді. Екінші жарты шарда орналасқан
және басқа үш бағытқа - атлантикалық, Тынық мұхиттық һәм оңтүстікамерикалық
бағыттарға ден қоятын АҚШ-тан гөрі Жапония міндетті түрде Азиядағы күштер тепе-
теңдігіне анағұрлым сезімтал болмақ. Қытай, Корея және Оңтүстік - Шығыс Азия Құрама
Штаттарға қарағанда Жапония үшін мүлде басқа мәнге ие, ал бұл неғұрлым дербес және
неғұрлым өз мүдделеріне бағытталған жапон сыртқы саясаты үшін серпін болады.
Қазір Оңтүстік Азияның жетекші елдерінің біріне айналып келе жатқан Үндістанға келсек,
оның сыртқы саясаты көне мәдени дәстүрлердің жылуы шарпыған еуропалық
империализмнің алтын күндері туралы соңғы естелік болып табылады. Британдықтар
келгенге дейін субконтинент тұтас мыңжылдық бойы ешқашан біртұтас саяси бүтіндікте
болған емес. Британдық отарлау аз ғана әскери күшпен жүзеге асырылды, өйткені
жергілікті халық оны бір басқыншыларды екінші басқыншылардың алмастыруы деп
түсінді. Бірақ біртұтас басқару орнатылғанда Британ империясы билігінің іргесін
халықтың өзін-өзі басқаруы мен мәдени ұлтшылдық - Үндістанға метрополияның өзі
енгізген құндылықтар - шайқалтып жіберді. Сонда да ұлт-мемлекет ретінде Үндістан -
бозбала. Өзінің орасан зор халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесінен қолы
босамайтын ол қырғи қабақ соғыс кезінде қосылмау қозғалысының қатысушысы болды.
Бірақ оған алдағы уақытта халықаралық саясат сахнасында өзіндік сана-сезіммен
өлшенетін рөл таңдауға тура келеді.
Осылайша, жаңа әлемдік тәртіп құруға тиісті жетекші елдердің ешбірінде пайда бола
бастаған көп мемлекеттік жүйе шеңберінде өмір сүрудің титтей де тәжірибесі жоқ. Бұрын-
соңды ешқашан жаңа әлемдік тәртіп осыншама түрлі көзқарастар негізінде немесе
осыншалық жаһандық ауқымда жасалған емес. Бұрын-соңды ешқашан күштер тепе-
теңдігінің тарихи атрибуттары мен ортақ әлемдік демократиялық ойлау жүйесімен,
сондай-ақ аса қарқынды дамып келе жатқан осы заманғы технологияларды ұштастыруға
тиісті тәртіп болған емес.
Өткеннің тұрғысынан алғанда халықаралық қатынастардың барлық жүйелері міндетті
түрде симметриялы болу керек сияқты. Олар құрылған бойда, егер таңдау басқаша болса,
тарих қай жолмен кетер еді, жалпы, басқа таңдаудың өзі мүмкін бе еді дегенді көзге
елестету қиын. Бір немесе басқа халықаралық тәртіптің аяғынан тік тұрып кетуі
процесінде таңдаудың аясы әрі кең, әрі сан алуан. Бірақ әрбір нақты шешім жарамай
қалған нұсқалардың жиынтығын азайтады. Күрделілендіру икемділікке кедергі
болатындықтан, неғұрлым ерте жасалған таңдаудың тағдырлық сипаты болады.
Халықаралық тәртіп Вена конгресінен кейінгідей салыстырмалы түрде тұрақты бола ала
ма, немесе Вестфалия бітімінен және Версаль шартынан кейін қалыптасқандай тым осал
бола ма, бұл оның құрамындағы қоғамдардың қауіпсіздік сезімінің олар әділ деп
есептейтін дүниемен сәйкестену ережесіне байланысты.
Ең тұрақты болып шыққан екі халықаралық жүйе, атап айтқанда Вена конгресі тудырған
және екінші дүниежүзілік 11 и ыстан кейінгі кезеңде АҚШ басқарған жүйелер көзқарастар
ортақтығына құрылғандықтан артықшылыққа ие болды. Венада бас қосқан мемлекет
қайраткерлері ақсүйектер болатын, олар үшін моральдық тыйымдар мен негізгі
принциптер бірдей - тін; ал соғыстан кейінгі әлемді қалыптастырғанда американдық