Page 12 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. кисинджер. ДИПЛОМАТИЯ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Вильсон Америкаға мейлінше тәуелді болғандықтан одақтастар қатты дауыс шығара
алмайтын Париж бейбіт конференциясын өз көлеңкесімен қалқалады. Екінші
дүниежүзілік соғыстың аяғына таман Франклин Делано Рузвельт пен Гарри Трумэннің
бүкіл глобусты американдық модель бойынша қайта пішуіне мүмкіндіктері болғандай еді.
Қырғи қабақ соғыстың аяқталуы дүние жүзін американдық үлгі мен бейне бойынша
қайыра өзгертуге одан сайын еліктірді. Вильсонды ішкі саясаттағы изоляционизм
шектесе, Трумэн сталиндік экспансионизммен бетпе-бет келді. Қырғи қабақ соғыс
аяқталғаннан кейін дүниеде Құрама Штаттар жер шарының кез-келген бөлігінде килігу
мүмкіндігі бар бірден-бір астам держава болып қалды. Алайда оның құдіреттілігі аз сезіле
бастады, ал әскери күшпен шешілетін мәселелер ғайып болды. Қырғи қабақ соғыстағы
жеңіс АҚШ- ты XVIII және XIX ғ.ғ. еуропалық мемлекеттер жүйесімен және американдық
мемлекет қайраткерлері һәм ойшылдары, ұдайы күдік келтіретін тәжірибемен
ұқсастықтары көп әлемге тaп қылды. Идеологиялық та, стратегиялық та жаппай қатердің
жоқтығы елдерге бір сәттегі ұлттық мүдделерге барған сайын жоғары дәрежеде
негізделген сыртқы саясат жүргізу еркіндігін береді. Бес немесе алты ұлы держава және
көптеген шағын мемлекеттер кіретін халықаралық жүйеде тәртіп негізінен, өткен
ғасырлардағы сияқты, бәсекелес ұлттық мүдделердің татуласу және тепе-тең болу
базасында пайда болуға тиіс.
Буш та, Клинтон да жаңа әлемдік тәртіп туралы, ол бейне біp таяқ тастам жерде
тұрғандай, айтатын. Іс жүзінде ол әлі пісіп-жетілу кезеңінен өтуде, оның ақтық
пошымдары тек келеci ғасыр аясында ғана анық болар. Жаңа әлемдік тәртіп ішінара
өткеннің жалғасы, ішінара үлгісіз болатындықтан,орнына келген дүние секілді, үш
сұраққа жауап ретінде пайда болуы тиіс. Әлемдік тәртіптің іргелі құрамдастары қандай?
Олардың ықпалдастығының тәсілдері қандай? Мұндай ықпалдастық жасалатын мақсаттар
қандай?
Жаңа әлемдік тәртіптің пайда болуына байланысты дүрбелеңдер ішінара бері салғанда
мемлекеттердің өздерін "ұлттар" деп атайтын, бірақ ұлт-мемлекеттің тарихи атрибуттары
тым аз үш тұрпатының ықпалдастық фактысынан туындайды бір жағынан, бұл Югославия
немесе Кеңес Одағы тұрпаттас ыдырап кеткен империялардың жарықшақтары секілді
мұрагер мемлекеттер. Тарихи реніштер мен ғасырлар бойы өзін-өзі орнықтыруға
жанталаса ұмтылысқа бой алдырған олар ең алдымен ежелгі этностық бәсекелестікте
басым түскісі келеді. Халықаралық тәртіптің мақсаттары олардың мүдделерінен, одан да
жиі - олардың қиялы шегінен шығып кетеді. Отыз жылдық соғыс балалатқан ұсақ
мемлекеттер секциялар қаралық - саяси тәртіптің неғұрлым космополиттік пайым -
пиғылдарын қаперге алмай, төл тәуелсіздігін қорғап, төл қуатын ұлғайтуға тырысады.
Отаршылдық дәуірінен кейінгі ұлттардың кейбіреулері де тағы бір қызықты феноменнің
үлгісі болып табылады. Олардың талайының қазіргі шекаралары империалистік
державаларға қолайлы болу үшін дүниеге келтірілген әкімшілік туындылар ғой. Ұзыннан-
ұзақ жағалау сызығы бар Француз Африкасы әкімшілік бірлікке бөлінген еді, бүгінде
олардың әрқайсысы жеке мемлекет. Сол кезде Конго, ал қазір Заир деп аталатын Бельгия
Африкасының теңізге шығатын өте тар өткелі бар-тын, сондықтан ол Батыс Еуропаға тең
аумақты алып жатса да, тұтас біртұтас бүтін ретінде басқарылды. Мұндай жағдайларда
әдетте әскер мемлекеттегі бірден-бір ұлттық институтқа өте жиі айналады. Мұндай талап
өз бейнесін таппаған кезде, оның салдары көбіне азамат соғысы болып шығады. Егер
мұндай ұлттарға XIX ғасырдың мемлекеттілік стандарттарын немесе Вильсонның өзін-өзі
басқару принциптерін қолдансақ, онда шекараларды радикалды және болжауға