Page 9 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. эльстайн. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЯСАТ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
дерлік секуляризацияның билігінде қалды және барған сайын универсализм идеясына бой
алдырып барады, ал барлық теориялар осынау фактыларға сүйенеді (немесе жалпы
алғанда елемейді) және шын маңызды іспен айналысады деген болжам қызықтырады. Ал
осынау шынында да маңызды нәрсе "макротәртіп" деңгейінде қимылдайтын және
пошымдық түрде макроэкономикалық теориялар шеңберінен шықпайтын жүйелі
қорытылған күштердің асқарына ұмтылған. Бері салғанда бұл халықаралық қатынастар
бөлімшелерінің көптеген студенттері үшін оқып-үйрену пәні болды. Мәдениетке немесе
тарихи ерекшеліктерге "маталмаған" жүйе яки құрылым туралы түсінік халықаралық
саясат алқабындағы "жер жыртушылар" үшін зор проблема болып шықты. Теорияларда
"жергілікті" жағдайларға тым аз көңіл бөлінді. Позитивистік оптимизммен шабыттанған
халықаралық теоретиктер жекеліктердің, ерекшеліктердің және шекаралардың
маңыздылығын түсінуден бас тартты.
Бірден анығын айтқым бар. Халықаралық саясаттың біртұтас теориялық яки жүйелік
схемасы бар, болуға тиіс немесе болуы мүмкін екендігіне күмәнімді білдіре отырып, мен
Хедли Буллдың "халықаралық қоғам" туралы идеясын сынаудан тіпті де аулақпын.
Халықаралық қатынастар өрбитін тін бұзып-жарып келе жатқан әлемдік анархия емес,
қайта дипломатия болсын, бойкот немесе соғыс болсын, тиісті реакцияға анық себеп
(күмәнді себептен өзгеше) бар екендігі туралы белгілі бір ережелердің, тәпсірлердің,
түсініктердің тарихи қалыптасқан және қайталап жасалатын жіптерінен тоқылған шілтерлі
мата болып табылады. Бірақ мұндай тұжырым менің әуелгі алғышартымды тіпті де
бүлдіре алмайды, қайта тек күшейтеді, өйткені бұл ережелерді, тәпсірлерді және
түсініктерді қабылдауға немесе терістеуге, қайта қарауға немесе ұзартуға болады ғой.
Және бұл да халықаралық саясаттың қатысушылары саяси теориядан ала алатын және
алуға тиіс сабақтардың бірі болып табылады. Кейде сабақ теріс ыңғайда болады - мысалы,
Платонның Республикасы практикада іске асырыла алмайтыны неліктен. Кейде оң
ыңғайда болады - Макиавеллидің дипломатиялық айла, мойынсұнбау, қарекетке
қойылатын шектеу немесе соған сарындау дүниесі тіпті алыстағы тамаша дүниежүзілік
тәртіпте жойылып кете алмайтыны неліктен.
Халықаралық қоғам да әртараптандырылған, алуан түрлі қоғамдастықтардан тұрады,
олардың бір-бірімен сан алуан байланыстарының шынайы картинасы қандай да бір
тұрақты және әмбебап теориямен қамту үшін тым күрделі. Оны жасау әрекеттерін
тарихтың қоқыс жәшігіне лақтырып жіберген жақсы. Халықтар дүниесіне серпін беруді
жалғастырып келе жатқан идеялармен, ең алдымен барынша өмірлік маңызы бар - діни
наным-сенімдермен ұқсастық, ұлттық және ұлтшылдық, мойындауға қажеттілік
идеяларымен айналысқан жақсы. Нақ осы салаларда икемді де дәйекті теориялық
талдамалар қажет, бірақ, егер біз тек халықаралық қатынастар теориясы дүниесімен
шектелсек, онда олар жасалмайды.
ТЕОРИЯНЫҢ ҚОЛДАНЫЛА АЛМАЙТЫНДЫҒЫ ЖӘНЕ ОҒАН ҚАЖЕТТІК
Раймон Арон өзінің 1967 жылғы "Халықаралық қатынастар теориясы деген не?" атты
эссесінде мынаны атап өтеді: "теория" термині сияқты соншалықты жиі, қалай болса
солай және екіұшты қолданылатын басқа ұғым аз. Мысалы, халықаралық зерттеулерде
"мәжбүрлемеудің артықшылығы" немесе "осы заманғы қоғамдарда экономиканың
басымдығы бейбітшілікке жәрдемдеседі" секілді әдеттегі пайымдаулар "теорияның"
барлық айрықша белгілерімен беріледі (Арон 1984. Р. 166).