Page 8 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. эльстайн. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЯСАТ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
тұжырымдар бере алады да, олар халықаралық саясат дүниесінің осынау қолапайсыз,
ретсіз, бұлдыр, тарихтың көз жасы жуған тарихының титімдей ғана бөлігін бейнелейді.
Бұл мен саяси теориядан алған және, менің ойымша, гуманитарлық ғылымдар саласында
істеп жүрген біздің бәріміз енді ұғынып алуға тиіс болатын сабақ. Егер 1989 жыл бізді
басқа ештеңеге үйретпесе де, тым құрығанда әдептілікке үйретуге тиіс болатын. Империя
құлады, ал халықаралық қатынастар теоретиктері мен практиктерінің, көпшілігі демесек
те, көбісі оқиғаның мұндай бетбұрысына мүлдем дайын болмай шықты.
Нақ халықаралық саясат теориялары өз қызметін енді атқарады-ау деген сәтте олар
дәрменсіз болып шықты, саясаттың өзі оларды "аңыратып кетті". Мұндай бағаны туғызған
теорияның бірден-бір дұрыс нәтижесі болжам, сәуегейлік дейтін позитивистік химера
емес. Бұл көбіне-көп "теория соғу тілегіне", тарихқа, әсіресе көптеген оқымыстылар
"еңсерілді" деп санайтын күштерге (олардың ішінде ең маңыздылары дін мен ұлтшылдық)
аз көңіл бөлетін абстрактылы схемалар жасауға берілген баға. Менің уәждерім, төменде
көрсететініндей, жалпы халықаралық саясаттың күрделі теорияларын жасау үмітіне қарсы
бағытталмаған. Бұл көбіне - көп "теория соғу тілегі" жөніндегі терең шүбәнің көрінісі.
Джефри Хоторн өзінің "Ықтимал дүниелер" атты кітабында былай деп жазады:
"Біз әдетіміз бойынша себептік табиғаты бар деп санайтын сұрақтарға қорыта берілетін
жауаптар қазір көз жеткізе аларлық болудан қалды. Себептік байланыстар немесе
адамдардың өзара қатынастары дүниесінде біз байқап - бақылай алатын оқиғалар не
жеткілікті ақпарат пен түсінік бере алмайтын жалпылама деңгейде тұжырымдалады, не
олар соншалықты шартталатындықтан жинақтап қорыту мен оларды тәпсірлеу күшін
жояды да, оларға негізделген болжамдар жалған боп шығады. Болып жатқан әлеуметтік
өзгерістер туралы сұрақтарға жауаптар өте көп жағдайлармен (факторлармен)
анықталатындықтан, қандай да бір нақты өзгерісті (егер мысал шарттылығының ережесі
сақталса) кез-келген бағалау өздігінен - ақ салыстырмалы түрде жекелік және тиісінше
күрделі болуға тиіс. Ол неғұрлым күрделі бола түскен сайын..., соғұрлым көп баламаны
көздейді, мұның өзі біз ең жекелік туралы білетін растық деңгейін де төмендетеді".
(Hawthorn, 1991. P. 160-161).
Бұдан әрі Хоторн әлеуметтанушылар, соның ішінде халықаралық қатынастарды
зерттеушілер де бірқатар жылдар бойының сеніммен айтып жүрген жалған болжамдар
тізімін келтіреді. Тақырыбымыздың шеңберінде бізді мына бір болжам, дүние жаппай
дерлік секуляризацияның билігінде қалды және барған сайын универсализм идеясына бой
алдырып барады, ал барлық теориялар осынау фактыларға сүйенеді (немесе жалпы
алғанда елемейді) және шын маңызды іспен айналысады деген болжам қызықтырады. Ал
осынау шынында да маңызды нәрсе "макротәртіп" деңгейінде қимылдайтын және
пошымдық түрде макроэкономикалық теориялар шеңберінен шықпайтын жүйелі
қорытылған күштердің асқарына ұмтылған. Бері салғанда бұл халықаралық қатынастар
бөлімшелерінің көптеген студенттері үшін оқып-үйрену пәні болды. Мәдениетке немесе
тарихи ерекшеліктерге "маталмаған" жүйе яки құрылым туралы түсінік халықаралық
саясат алқабындағы "жер жыртушылар" үшін зор проблема болып шықты. Теорияларда
"жергілікті" жағдайларға тым аз көңіл бөлінді. Позитивистік оптимизммен шабыттанған
халықаралық теоретиктер жекеліктердің, ерекшеліктердің және шекаралардың
маңыздылығын түсінуден бас тартты.
Бұдан әрі Хоторн әлеуметтанушылар, соның ішінде халықаралық қатынастарды
зерттеушілер де бірқатар жылдар бойының сеніммен айтып жүрген жалған болжам дар
тізімін келтіреді. Тақырыбымыздың шеңберінде бізді мына бір болжам, дүние жаппай