Page 10 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. эльстайн. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЯСАТ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Гректер оу баста теорияның мәнін сырттай тамашалау білімі ретінде тәпсірледі, дейді әрі
қарай Арон. Бұл, әлбетте, халықаралық саясатқа қатысушыларға керегінен мүлдем басқа
нәрсе. Олар одан гөрі теорияны гипотезалардан тұратын, сынап байқауға болатын
гипотеза, дедуктивті жүйе ретінде артық көреді. Мұндай "теоретиктер" - әрине, оларға
халықаралық қатынастарды зерттеушілердің тіпті де бәрі бірдей жатпайды - болжам жасау
мүмкіндігіне ие болғысы келеді: нақ осы сәт терең білумен, түсінік беретін ұғыммен
салыстырғанда басым. (Түсінік беретін ұғым бағыты - "verstehen" - гуманитарлық
ғылымдарда, бері салғанда ағылшын - американ дүниесінде, Людвиг Витгенштейннің
соңғы еңбектерімен байланысты). Жаратылыстану ғылымдары сәуегейлік ғылымдардың
"мінсіз моделін" ұсынған секілді көрінетін (Р. 167) деп ескертеді Арон. Бірақ бірдеңе
қырын кетті: әрқилы маңызды жетістіктер эконометриялық модельдердің негізінде мүмкін
болды, ал саясаттың қиындықтары еш "қиюласпады", "оның ең дөрекі пошымында болса
да", эконометриялық електің торынан "түсіп кете берді", жиналған "үлкен сандардың"
базасында, не макроэкономикалық теорияның неғұрлым әсерлі ("неғұрлым таза")
пошымында жасалды. Арон халықаралық саясатты (шын мәнінде, саясаттың барлық
түрін) оқып-үйренетін студенттер ұшырасатын қыңыр проблемалардың шын мәнінде
орасан зор көпшілігінің ішінен тек кейбіреулерін ғана атайды.
Ол проблемалардың бірі мынадай - саясат доктриналық жанжалмен сипатталады. Саясат
толық билікті әміршінің қолдануға жүгіне алатын (және мұны тым жиі істейтін) дүние.
Ол-ол ма, күш қолдану келіссөздердің пәні бола алатынымен, дипломатиялық өнермен
шектеле алатындығымен, этикалық тұрғыдан айыптала алатындығымен немесе
идеологиялық тұрғыдан мадақтала алатынымен, ішкі саясаттағыдай заңмен жойыла
алмайтыны даусыз.
Кант көз жететін жерде мәңгілік бейбітшілік болмайды деген. Тарих көптеген ащы сабақ
береді, және бұл солардың бірі екендігі күмәнсіз. Бірақ теоретиктерді "ішкі" және
"сыртқы" күштер мен факторларға дәл, ымырасыз бөлудің елесінен сақтандырайық:
мемлекеттер мен халықтардың ықпалдастығының әрбір актысында бұлардың екеуі де бар.
Халықаралық қатынастардың көз жеткізе алудан дәмелі кез-келген зерттеуі
"әлеуметтанушылық" та, "тарихи" да тұрғыдан "нақты" болға тиіс (Арон, 1984. Р. 178).
Әрқилы елдер мен олардың тарихына, олар дүние жүзіне паш ететін стратегиялық
мәдениеттерге мұндай "жанасусыз" теория соғудың барлық әрекеттері тайыз болады.
Арон аса әдепті тұжырымдайтынындай, "ескі дүние" мұны жаңа дүниедегі
"шешімдердің", "болжамдардың" және "қадағалаудың" өмірге шат, жап-жас дерлік
энтузиастарынан гөрі жақсы түсінетіні даусыз. Олар әрбір қағидадан "сындарлылық",
"саясат туралы ғылымдардың" қолданбалылығын іздеуге өз ниеттерінде елес қуып кетеді,
өйткені "саясат ғылымы, немесе халықаралық қатынастар туралы ғылым, сындарлы емес
және ешқашан, бері салғанда per se (таза күйіндегі) саясат, яғни, индивид пен қоғамдастық
арасындағы бақталастық ғайып болатын заманға дейін ондай болмайды" (1984, P. 181).
Бірақ бұл ешқандай жағдайда "қарекет доктриналарын" және қарулы қол ережелерін жоя
алмайды. Ең үздік дипломаттар, президенттер мен премьер-министрлер "шұрық - тесік"
теориялық тұжырымдамалар аясында жұмыс істегенімен, біздің бағымызға қарай, "тәртіп"
таптаурындылығына байланып қалмайды. Практиктер әрқашан білген нәрсені
теоретиктердің бағалай білгені артық болмас еді: халықаралық аренадағы қарекеттер
көзделетін мақсаттар толып жатқанын есте ұстауы керек, сонда дипломаттар "Homo diplo-
maticus'Tbin қарабайырландырылған ережелерінің тұтқыны болып қалмайды, олар өз
тәртібінде басшылыққа алатын мақсаттар мен бағалардың көптігін түсініп, олардың өз