Page 4 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. эльстайн. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЯСАТ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
мың жендет, үйіп тасталған өліктер, ат аяғына жаншылып, өліп бара жатқан адамдар.
Айналам түгел жанталас пен ажал картинасы. Және бұлар-бейбіт қоғамдық тәртіптердің
жемісі. Жүрегімнің терең түкпірінен аяушылық пен ашу толқыны көтеріліп келеді.
Философ-варвар! Кел - дағы,өз кітабыңды мына шайқас алаңында оқып бер!
Бұл өзінің ең тамаша полемикасындағы Руссо. Бұл философтардың сатқындығы туралы
мезі ететін шұбалаңқы мақаланың жолдары болса,оны оқып шығуға, риторика қуатын
бағалауға, сөйтіп күнделікті шаруаңа жайбарақат оралуға болар еді. Бірақ осы арада Руссо
жұмбаққа кезігеді де, оны тұжырымдайды, бірақ, бәлкім, солай құрылған басқа
республикалардағы азаматтық бостандыққа құрметпен байланыстырылатын азаматтық
бостандықтың жаңа deux ex maсһіnа және бұдан да кіршіксіз қалпына келтірілуінен өзге
шешімін таппайды. Бұл бізге гректерден мирас ретінде қалған жұмбақ, бір мезгілде "ішкі
дүние" мен сыртқы аластау және соғыс арасындағы; өзінің объектісі ретінде азаматтық
қоғамды таңдап алған саяси теорияның және объект ретінде шекараларда не болып
жатқанын, яғни, барлық "мемлекеттер" өзара қатынастарында құратын кеңістікті таңдап
алған халықаралық қатынастар арасындағы алшақтықты атап өтетін жұмбақ.
Бірақ, тегінде, қысқаша болса да, халықаралық саясаттағы іргелі еңбектердің бірі -
Фукидидтің "Пелопенесс соғысымен" танысқан жөн болар. Бұл не - шынымен-ақ билік
бөлісу тұсындағы "мемлекеттер тәртібінің" бейнеленуі ме? Әлде, сөз бен іс жекелеген
азаматтық ұқсастықтарды қалай, қайтіп қалыптастыратынын, ал олар өз кезегінде
Фукидид суреттеген сұмдық та қасіретті оқиғалар тұсында одан әрі қалай ашыла түсетінін
бейнелеу ме? Егер екіншісі дұрыс болса, онда "ішкі" мен "сыртқыға" долбарлап бөлу,
бүгінде кәдеге жарайтын тілмен айтсақ, "осы заманғы өмір" салмағына шыдамайды.
"Ішкі" сыртқа төгіледі де, саяси бірліктер бақталасатын, бәсекелесетін тінді анықтайды,
немесе анықтауға едәуір көмектеседі. Халықаралық саясаттың саяси теоретиктері және
тікелей қатысушылары шешетін міндеттер бір-біріне және кері қарай еркін өтіп жатады,
немесе, егер сұмдық трагедияны Фукидидтің тарихи және тіндік тұрғыдан көрсетуі
шындық болса, онда еркін өтіп жатуға тиіс болады. Мен, бұл нақ солай ғой деп ойлаймын
(Руссоның да нақ солай ойлағаны айдан анық!).
Бұл арада классиктер бізге Фукидид жалаңаштап көрсеткен дүниенің тереңіне бойлауға
көмектеседі, қарабайырландырудан, тәртіп заңдарын оның жігі ажырамайтын мәтініне
радикалдық хирургия әдістерімен килігуден сақтандырады. Мысалы, Николь Лopo өзінің
"Афинаны ойлап шығару" атты таң-тамаша еңбегінде қаланың қалыптасуында,
нығаюында ырғын мадақтаудың немесе аза үстіндегі жоқтаудың маңыздылығын
дәлелдеп; "азамат - солдат... азаматтық норманы өз бойынан табады" және қала үшін жан
пида қала орнықтыратын және "бір мезгілде әрі еркін, әрі анықтайтын азаматтық таңдау
моделін" құратын "оның өз шешімі" деп кесіп айтады (Loraux, 1986. P. 102, 104). Бұл
арада pro patria mori мұраты барынша экспрессиямен білдірілген, және ол адам неліктен
міндеттерге бағынып қана қоймай, азаматтық адалдықты ерікті түрде таңдап алатынын
түсінудегі өзекті сәт.
Бұл шешім оңай емес, бірақ ол өте маңызды себеппен қабылданады: азаматтық қоғамның
ішіндегі дүние сырттағы басқалардан өзін оқшаулау үшін жеткілікті себеп. Күндердің
күнінде "топтасқан" адам баласы іштегілерге және сырттағыларға бөлінген еді, тек "ішкі
дүние" сырттағы басқаларды басып алып, экспансия жасамасын деңіз. Олай болса біз
империя дейтінге ие боламыз, мысалы Pax Romana сондай, онда "ішкі" мен "сыртқының"
ара салмағы күрделі ғана емес, өзара анықтауыш та болмақ.