Page 5 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. эльстайн. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЯСАТ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Руссо Гоббсқа қарама-қарсы, соғыс адамзаттың жаратылыстық ахуалы еместігін табандап
қорғайды. Бірақ адамзаттың азаматтық ахуалы нақ сол соғыстың өзі, оның себебі де
қарапайым: "азаматтық қоғамдардың тіршілік етуі мен тәртібі соғысты және соғыс
ахуалын туындатады. Сондықтан соғыс жаратылыстық ахуалдағы индивидуумдар
арасындағы қатынас емес, адамдардың азаматтық қоғамдарға қарай қозғалысы
қалыптастыратын мемлекеттер арасындағы қатынас" (Rousse, 1991. P. XVII). Осылайша,
"соғыс және соғыс ахуалы азаматтық қоғамда адамдар арасында тәртіп пен әділет орнату
жөніндегі күш-жігердің өзінен туындайды" (Р. XVIII). Бұл арада біз мемлекеттің
әмбебаптығының, оның өзін мойындату талаптарының көрінісі ретіндегі соғыс туралы
гегельдік түзілістердің жаңғырығын байқаймыз. Мұндай схемаға сәйкес, соғыс адамның
агрессияшылдық бастауларынан емес, дүниедегі, және де тіпті де анархиялық емес,
ғажайып релятивистік дүниедегі саяси күрес талаптарынан өрбиді. Біз бір-бірімізге
осылай "маталмаған" болсақ, соншалықты кең пошымдағы бәсеке де, салыстырмалық та,
дұшпандық та және одақтасу да болмас еді.
ЭТИКА МЕН ҰЛТШЫЛДЫҚТЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Бұл арада біз үшінші сәтке жақындаймыз. Ең басында мен халықаралық қатынастар
теоретиктері (кең мағынасында оларды саяси ғылым алқабындағы нағыз диқандар деуден
де тайынбаймын) Кеңес империясының ыдырауын тәпсірлейтін заман туғанда тиісті
биікте бола алмағанын атап өткенмін. Бірақ бұл тек ұзыннан-ұзақ салыстырмалы
сәтсіздіктер тізбегінің соңғысы болатын; ол сәтсіздіктер халықаралық қатынастар
теоретиктеріне жиі тон этика мен саясаттың белгілі алшақтығынан туындайтын, ал сол
теоретиктерге өздері мінсіз нақты болмыста тұратындай көрінеді - мұндайда этикаға орын
қайда? - және олар шалажансар модельдерді, тұжырымдамаларды, парадигмалар мен
болжамдарды қайталай береді. Моральдық аспектілер - ішкі де, сыртқы да саясаттың
орталық буыны. Екі дүние бір-біріне ауысып жатады, демек, полистің "әділеттігін"
мемлекет басқару өнерінен бөліп тастау мүмкін емес. Азамат - қарама-қайшылықтар
арасындағы әрі-сәрі, бір мезгілде өз мемлекетіне де, қандайда бір басқа идеяға немесе
мұратқа да бой алдырған тіршілік иесі, мұны Руссо, оған дейін Августин мен көптеген
басқалар жақсы түсінген.
Руссо үшін осынау "басқа" мұрат халықтар арасындағы бейбітшіліктің әмбебап аңсар -
армандарында; Августин үшін - бір-бірінің заңдарын өзара мойындаудың бұдан да гөрі
әмбебап аңсар - арманында және ақыр соңында толық түсіністік пен бейбітшілікке қол
жеткізуге болатындығы идеясында. Пәле индивидтердің осынау ұмтылыстарының бір-
бірімен қақтығысатынында. Бір индивидтің өз мемлекетіне лоялдылығы, адалдығы оны
осындай лоялды және дәл сол сияқты қарама-қайшылықтармен әрі-сәрі басқалармен
антагонистік, тіпті аяусыз текетіреске немесе шайқасқа оңай айналдыруы мүмкін.
Алайда жағдай Августин мен Руссо көрсеткен және оларды қинаған картинадан
анағұрлым күрделі, себебі біздің екі бөлінген болмысымыз әлі талай үзілуі ықтимал. Неге
бұлай? Өйткені индивидтің лоялдылығы ішкі-сыртқы төте дуализм принципі бойынша
емес, митоз моделі бойынша жиі бөлшектеледі. Мәселе лоялдылық пен әмбебаптық аңсар
- армандарды жай ғана қарама-қарсы қоюда емес, лоялдылықтың өз - өзінен бөлінуінде.
Діни ұқсастық көзірмен "ұрып жыққандай" азаматтық ұқсастықты ұрып жығуы мүмкін.
Августин, мысалы, мұны түсінген, ал Руссо басып тастағысы келген. Діни сенімдер,
ешқандай бұлталақсыз әмбебап сипатта болады: мен азамат ретінде басқа азаматтармен
мемлекетімізге адалдық шеңберінде бірігемін, бірақ сонымен бір мезгілде діндар ретінде
діндестеріммен бұл шеңберден тыс, тіпті төл мәдениетімнің шекарасынан тыс біріге
аламын.