Page 3 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. эльстайн. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЯСАТ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
шектелетін күш үстемдігі. Бұл тарих нақ осылай оқытылады, әрі мұнда зор тартымды күш
бар. Ол американдық академиялық "реалистік" дискурстың locus classicus-nan
аңғарылады: идеалистер (яғни, реалист еместер) реалистерге қарсы. Идеалистер - "полис
тұрпатындағы" әділет үстемдігін дүние жүзіне таратқысы келетіндер. Реалистер - ондай
ештеңеге қол жеткізуге болмайтынын білетіндер, ал егер соны істеу әрекеті жасалса, онда
нәтижесі гегемония үшін сұмдық соғыс, кейін "империяда бейбітшілік" орнату болмақ.
Бұл сценарий "реалистік режимді" тіс батпайтын секілді етеді және жүйелік реалистер
насихаттайтын талдау деңгейлері дейтіндердің маңыздылығын баса көрсетеді. Олар
халықаралық қатынастарды "мемлекеттік жүйе" деңгейінен "темен" "түсіндірудің" кез-
келген әрекетін зерттеушінің алдында тұрған мақсатты орындауға жеткіліксіз, барабар
емес әрекет деп қабылдайды. (Халықаралық саясат бөлімдері студенттерінің бәрі
доктринаның "талдау деңгейлері" негізінен Кеннет Н. Уолцтың "Адам, мемлекет және
соғыс" атты классикалық еңбегінде баяндалатынын біледі, онда автор "соғыстың неліктен
басталатын" себептерінің үш "деңгейін" айырып көрсетеді: қоспасыз алынған адам
табиғаты; "ішкі", немесе отандық жүйенің табиғаты және, ақыр соңында, мемлекеттердің
ықпалдастығы өрбитін халықаралық арена). Осының өзі-ақ ішкі саясат саласын күні
бұрын саяси теоретиктерге еншілеп, халықаралық саясатты берілген "жүйе" жағдайында
"мемлекеттердің" өзара қатынастары жөніндегі мамандарға қалдырады, олар сол "жүйе"
шеңберінде қимылдайтын болады.
Атап өтейік, "талдау деңгейлері" формуласы бірінші, екінші және үшінші деңгейлердің
арасында ғана емес, адам мен қоғамның, қоғам мен мемлекеттің, мемлекет пен
халықаралық анархияның арасында бірқатар абсолютті антиномиялар туындатады. Бұл
"үзіктер" осы заманғы халықаралық саясат пен саяси теорияның мақсаттарын бөліп
жібереді. Бірақ, меніңше, осынау және сонымен байланысты категорияларды қорғайтын,
жақыннан қарағанда мызғымас болып көрінетін қамал қамсау болмай қалады.
ТЕОРИЯ МІНДЕТТЕРІН ҚИЫНДАТУ
"Үзілістер", "талдау деңгейлері" және теориялық ықпал өрістері проблемаларының біз
мұра етіп қабылдаған күйінде бір кемшілігі бар - олар жағдайды қарабайырландырады,
біздің міндеттерімізді болуға тиісті күйінен біршама оңайлатады. Руссо ескертетініндей,
еркектер, әйелдер, ұлттар және мемлекеттер дүниесімен бетпе-бет келгенде, біз кейбір
сұмдық нақты болмыстан көз тайдырмауға тиістіміз.
Мен юриспруденция мен этика жөніндегі кітаптардың бетін ашамын да, әбден
мойындалған ғалымдардың сөздеріне ден қоямын. Олардың бұлтартпас толғамдарынан
нәр алып, адам табиғатының жетілмегендігіне көз жасымды көлдетемін, азаматтық
мемлекеттік құрылысқа негізделген тәртіп пен әділетке тәнті боламын, қоғамдық
институттардың кемеңгерлігіне қуанамын, сөйтемін де мен азамат деп саналуға болатын
адамдардың бірі екенмін ғой деп алданамын. Бірақ, өз парызымды жақсылап түсініп алып,
кітаптың бетін жабамын, аудиториядан шығып кетемін де, айналама көз жүгіртемін.
Сонда көретінім, темір қамыттың салмағынан ыңқылдаған халықтар, ат төбеліндей
қанаушылар езіп-жаншыған адамдардың қалың бұқарасы, індет пен ашаршылық
алқымнан алып жадап-жүдеген тобыр, олардың қаны мен көз жасы заңның сұмдық күшіне
сүйенген күшті де қару - жарақты адамдар дәрменсіздер мен қару - жарақсыздарды езіп -
жаныштап жатқан барлық жерде өзен болып ағып жатыр... Көзімді көтерем де, алысқа
қараймын. Көретінім лапылдаған өрт, тұл медиен, тоналған қалалар.
Бейшара адамдарды ажалға айдап бара жатқан, жабайылар, қайдасыңдар? Сұмдық
дыбысты естимін: бұл неғылған шу? Жақындай түсіп көргенім, қырып-жою сахнасы. Он