Page 51 - Абай. Қарасөздер

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
51
көшірмесінде баяндалған қылмыстың дәлелденбегені туралы уәжге келісе отырып,
қуғындау қысқартылуы тиіс деп санаймын".
Облыстық сот, сонымен, істі қысқартқан. Айыпкерлерге сот ісінің қысқарғаны жайында
полиция арқылы 1899 жылғы 13 майда хабарланады; ал маған полиция арқылы да, істің
қысқарғаны жайлы сотта хабарландыру ілу арқылы да мағлұм етілген жоқ. Бұл жөнінде
мен 1900 жылғы 4 январьда Семей округтік соты прокурорының орынбасарынан істің
қысқарғандығы жайлы хабар естігенде бір-ақ білдім.
Бұл істің қысқартылуын мен істің мән-жайы турасынан да, сондай-ақ формальдық
жағынан да дұрыс емес деп білемін, оған мынандай негіздерім бар: тергеуде айыпты
дәлелдеу үшін мен Көкбай Жанатаев, Садық Уақбаев, Күнбазар Шілдебаев, Құсайын
Қиқымбаев, Нәзімбай Зорманов, Нұрманбай Уатаев, Саржан Жүсіпов, Ғабілхакім
Ысқақов, Ысқақ Салтыбаев, Қадыр Байысов, Әділ Божаев, Есендік Базаров және Уәйіс
Соқин сынды қазақтарды куәға тартқанмын. Осы куәлердің қостауымен Әкімғожин,
Бітімбаев және басқаларының маған шабуыл жасап, талап-тонағаны толық расталған.
Айыпкерлер формальды тергеу барысында өздерін жазықтымын деп мойындамаған,
барлық айыпты мен болыс Әкімғожинмен және басқалармен жауығып жүрген Дүтбай
Уандықовтың өсек-жаласына еріп, жалған айтып отыр деп түсіндірген. Өздерін ақтау
үшін айыпкерлер Оразбай Аққұлов, Серғазы Сақалов, Бекен Құлайғыров, Қойшыбек
Көркембаев, Бітімбай Нұралин, Мұсабек Көркембаев және Бұланбай Найманбаевтарды
куә етіп тартқан. Аталған куәлардың жауабына қарағанда, Мұқыр болысында екі партия
болған екен де, оның біреуі менің күйеу балам Уандықовтың партиясы да, екіншісі
Бітімбаев пен Әкімғожиннің партиясы болыпты-мыс; ал Мұқырдағы съезге күйеу
баламды болыс етпекке келіппін; халықты, оның ішінде Құлайғыров деген біреуді өзімнің
күйеу баламның пайдасына айдап салсам керек. Ал Құлайғыров менім ұйғаруымды
орындаудан бас тартқан кезде, мен оны ұра бастасам керек. Сол кезде оған Бұлқайыров
болысыпты да, осыдан келіп жаппай төбелес туып кетіп, мен сол төбелестің үстінде таяқ
жесем керек. Ал тонау-талау жайына келсек, айыпкерлер жағындағы куәлардың айтуында,
мен мұның бәрін көрген жәбірім үшін кек қайтаруды көздеп, ойдан шығарған екенмін.
Істе сонымен қабат мен де, айыпкерлер де көрсетпеген куәлардың үшінші тобы бар. Бұл
оқиғаға кездейсоқ қатысқан және ешбір партияға кірмейтін адамдар — олар Омарбек
Оспанов, Василий Красильников пен Николай Литвинов. Куәлардың жауабынан жалпы
алғанда тұжырымдалған фактілер мыналар: уезд бастығы отырған киіз үйге 14 және 18
июньде өз партиясындағы қазақтарды ертіп болыс Әкімғожин келеді де, мен қазақтарды
Шыңғыс болысына көшуге үгіттеп жүргендіктен, мені сьезден кетіруді өтінеді. Уезд
бастығы қазақтарға абыржымаңдар деп тоқтау айтып, маған өз болысына қайтсын деген
бұйрығын жеткізу жөнінде Оспановқа әмір береді. Мен уезд бастығының киіз үйі қасында
отырған кезімде, Оспанов маған уезд бастығының бұйрығын жеткізбекке келе жатады,
бірақ нақ осы кезде мұқырлықтар тобыры, ең алдында Әбен Бітімбаев бар, маған тарпа
бас салады; сөйтіп, төбелес басталады. Оны уезд бастығы сақшыларының көмегімен
тыяды. Төбелестен кейін, мен өзімнің бөркімді, алтын баулы сағатым мен белбеуімді
тонап әкеткенін мәлімдеппін. Бірақта бұл жайдың қаншалықты әділдігін куәлар растай
алмаған, өйткені ол куәлар менің алтын баулы сағатым, бәкім болған-болмағанын
байқамаған, ал төбелестен соң басымда бөркім болмағанын олар көрген. Куә Оспанов
бәкі, бөрік және шынжырлы сағат төбелес үстінде тартып алынуы ықтимал екенін, бірақ
та мұны кім істегенін білмейтінін білдірген. Менің киіз үйімнің тоналуы жайында, куә
Литвинов уезд бастығы оны менің киіз үйіме жібергенін, ол келіп қарағанда, киіз үйдің
ішіндегі заттардың аман екенін көреді, онда қазақтардың өз жайларынша, менің
қымызымды ішіп отырғанын айтқан. Ақыр аяғында ең соңғы куәлар тобы: Жәңгір
Көмекбаев, Бозымбай Әбдин, Кәрімжан Тайшекин, Бағмет Доскелдин, Көшкін