Page 52 - Абай. Қарасөздер

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
52
Мағамбетов, Жауылды Байтұров, Дүйсенбай Боранов, Қожанбай Иманбаев, Бегендік
Байғотанов және Ақылбек Шубановтар болыс Әкімғожин, Әзімжан Исабаев пен Бітімбаев
төбелеске араласпаған деп куәлік берген. Семей облыстық басқармасының 1899 жылғы 13
февральдағы журналда жазған қаулысы бойынша, мені ұрып-соғу және тонау жөніндегі іс
мынадай уәждермен қысқартылған: „баяндауды тыңдай келіп және куәлік жазбаларды
қарай келіп, облыстық басқарма былай деп біледі: Шыңғыс болысының қазағы Ибрагим
Құнанбаев Семей облыстық прокурорының атына 1898 жылғы 4 және 9 июльде берген
өтініштерінде өзін Мұқыр болысының лауазымды адамдарын сайлау кезінде қатысып
отыру үшін, сондай-ақ Шыңғыс және Мұқыр болыстарының арасындағы жердің ара-жігін
ажырату үшін уезд бастығы шақыртып алғанын мәлімдейді, сол кезде Бұғылы болысының
қазағы Оразбай Аққұловтың айдап салуымен болыс Мұсажан Әкімғожин, Әбен Бітімбаев,
Рақым Өмірзақов, Әзімжан Исабаев және Бейсенбі Жақыпов бастаған Мұқыр болысының
қазақтары тобырымен шабуыл жасап, оны сабағанын, сонымен бірге Бітімбаев оның
бөркін, Өмірзақов алтын баулы сағатын жұлып алғанын, Жақыпов белбеуінен бәкісін
суырып алғанын айтады. Аталған адамдар оған қоса оның киіз үйінен жалпы құны 241
сомдық әр түрлі бұйымдарын тонап, астындағы атын айдап әкеткен. Мұның бәрін
Құнанбаев тергеу барысында растаған және мұны оның куәлері Көкбай Жанатаев, Садық
Уақбаев, Байжұрын Байғожин және басқалары, барлығы 19 адам растап берген (істің 23,
24, 25, 50, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 80-беттері).
Мұнымен қатар Құнанбаев Бітімбаевтың бұл істі доғаруды өтінгенін айтты, бірақ бұл
фактіні Құнанбаев ештеңемен дәлелдей алмады. Оның үстіне айыпкер Әкімғожиннің және
оның куәлері Көмекбаевтың, Әбдиннің, Тайшекиннің, Доскелдиннің жауаптарынан,
сондай-ақ тілмаш Оспановтың және төбелес кезінде сол арада болған Мұқыр болысының
қазақтары мен сақшылардың жауаптарынан болыс Әкімғожиннің бұл төбелеске ешбір
араласпағаны әбден анықталды (Істің 94, 95, 78, 30 және 31-беттері).
Егер осы айтылғандарға Оразбай Аққұловтың және басқа куәлердің жауабынан
көрінгендей, Мұқыр болысында сол кезде партияшыл жауластық болғанын қоса алсақ
(істің 73, 74, 75, 76-беттері), оның үстіне бұрын Мұқыр болысына қараған, тіпті сол елдің
болысы болған Ибрагим Құнанбаев та болысқа қас партияда болған және бұл жаулықтың
соншалықты ересен зор болғаны сондай, анықтамаға қарағанда, облыс бастығы мырза
Мұқыр болысына сайлаусыз, өзге болыстың қазағын болыс етіп тағайындауды қажет деп
тапқан. Осыған қарағанда, Құнанбаевтың болыс Әкімғожин өзін талап-тонауға араласты
деп жалған қорытынды жасауы әбден ықтимал. Оның үстіне Құнанбаевтың алтын баулы
сағатымды, бәкімді, атымды және киіз үйдегі әр түрлі бұйымдарымды тонап әкетті деген
фактісі, бір жағынан, Құнанбаев тартқан куәлердің жауабы арқылы расталғанымен, ол
куәлердің жауаптарына сенуге болмайды. Өйткені олар, біріншіден, бәрі бір ауыздан
шыққандай бір-біріне тым ұқсас; екіншіден, мұншама қалың жұрт қатысқан жаппай
төбелес кезінде Құнанбаевтың бөркін кім жұлып алып, пышағын кім суырып әкетті, баулы
сағатын кім тартып алды, тағы сондайларды әлгі куәлердің әрқайсысы көріп тұрды деудің
өзі қисынға келмейді, ал Құнанбаевтың жоғарыда аталған куәлерінің әрқайсысы осының
бәрін көрдім деп жауап береді; үшіншіден, бұл куәлердің сөзін айыпкер куәлерінің
бірқыдыру жауаптары жоққа шығарады; ең соңында, төртіншіден, болыс Мұсажан
Әкімғожинге және басқаларына тағылған айып бейтарап адамдардың, мысалы, Омарбек
Оспановтың, сақшылар Красильников пен Литвиновтың жауаптарында еш расталмайды
(істің 31-бетінде), қайта соңғы үш кісінің жауаптары төбелестің болғанын, Мұқыр
болысының қазақтары Құнанбаевты сабағанын, бірақ бұл төбелесте болыс Әкімғожиннің
болмағанын растайды және олар төбелес кезінде Құнанбаевтың сағаты, бәкісі және басқа
бұйымдары шындығында тоналған-тоналмағанын білмейді. Жоғарыда баяндалған жайға
сәйкес облыстық басқарма Мұқыр болысының бұрынғы болысы Мұсажан Әкімғожинді