Қазақстанның ашық кітапханасы
50
Семей уезі, Шыңғыс болысының
қазағы Ибрагим Құнанбаевтан
1898 жылғы июньде, Семей уезі бастығының қатысуымен Мұқыр болысы лауазымды
адамдарының 1899 жылдан 1902 жылға дейінгі үш жылдық мерзімге сайлауы жүргізілді.
Дәл осы мезгілде Мұқыр және Шыңғыс болыстарының арасындағы шекараны реттеп,
белгілеу де көзделген болатын. Шекараны көрсету үшін Шыңғыс болысынан өкілдікке
Ысқақов, Салтыбаев және Байысов жіберілді. 17 июньде уезд бастығы мені шақыртып
алып, алдымен бұрынғы шекараны көрсетуді талап етті. Өйткені ол Шыңғыс болысынан
өкілдікке тағайындалған кісілеріне сеніңкіремеді де, менің екі-үш ақсақалмен бірлесіп,
болыстардың ара-жігін ажыратуға қатысуымды қалады.
18 июньде мен Уезд бастығына келіп, Шыңғыс болысынан тиісті кісілер жиналғанын
хабарладым. Уезд бастығы, мұқырлықтар әлі түгел келіп болмағандықтан, күте тұруға
әмір етті. Мен уезд бастығы тоқтаған киіз үйден шығып, Мұқыр болысының адамдары
келуін күтіп, тақау маңда отырдым. Осы тұста айта кету керек, Мұқыр болысында
айдаудан қашқан неше түрлі қаңғыбастар жасырынып жүретін де, болыс оларды өз қол
астында жасырып ұстайтын. Бұл жайды білетін уезд бастығы менен сондай қашқындарды
ұстауға мүмкін-қадарымша қолғабыс жасауды сұраған. Мұны мұқырлықтар да білетін.
Уезд бастығының киіз үйінің маңында күтіп отырғаныма бірер сағат өткен кезде, Мұқыр
болысының кектене жауыққан бір топ қазағы өршеленіп келіп маған тап берді. Оларды
бастап келген болыстың өзі Мұсажан Әкімғожин және Бейсенбі Жақыпов, Әбен Бітімбаев,
Әзімжан Исабаев, Рақым Өмірзақов дегендер еді. Әлгі тобыр маған жабыла бас салғанда,
Жақыпов белбеуімдегі бәкімді, Әбен Бітімбаев басымдағы бөркімді жұлып әкетті, ал
Рақым Өмірзақов алтын баулы сағатымды тартып алды. Сонан соң олар мені жерге жығып
салып, қамшымен сабай бастады. Сол кезде Уәйіс Соқин дейтін қазақ өзінің денесімен
менің үстімді жауып, әрі қарай сабауларына жол бермеді, соның арқасында ғана мен
әрмен қарайғы соққыдан аман қалдым. Менің айқайлаған даусымды естіп, уезд бастығы
киіз үйден жүгіріп шықты да, күзетші жасағының көмегімен жаңағы жапырлаған тобырды
қуып жіберді. Сонан кейін мен мұқырлықтар тарапынан бұдан да бетер аяусыз
зомбылыққа ұшырап жүрмейін деп сескеніп, қасымда серіктерім бар, өз болысыма қайтып
кеттім.
Жоғарыда аталған заттарды талаумен бірге қазақтар менің мініп келген атымды алып
кетті, оған қоса дастарқан, кілем сияқты 50 сомға татырлық үй ішілік заттарымды әкетті.
Жалпы тоналған мүлкімнің бәрін қосқанда құны 241 сом мөлшерінде болды.
Бұл іс бойынша анықтама жүргізіліп, сонсоң тиісінше тергеу жұмысын жүзеге асыру үшін
Семей уезінің тергеушісіне берілген болатын. Істің жай-жапсарын анықтағаннан кейін,
тергеуші Жаза қолдану ережесінің 120 және 1642-статьялары негізінде болыс Мұсажан
Әкімғожин, Бейсенбі Жақыпов, Әбен Бітімбаев, Әзімжан Исабаев, Рақым Өмірзақовтарды
мені тонаған деп айыпқа тартты. Тергеу біткен соң, іс 1892 жылы шыққан XVI томның II
бөлім, 332-статьясы негізінде 98-жылғы 18 ноябрьде №1197 қатынас қағазымен бұрынғы
Семей облыстық сотының прокурорына жіберілген-ді. Прокурор, неге екені белгісіз,
талау-тонау туралы істі Семей облыстық басқармасына жіберді, ал ол тонау туралы тергеу
ісін қарап, Мұсажан Әкімғожинді, Бейсенбі Жақыповты және басқаларын айыптайтындай
жеткілікті айғақ жоқ деп тауып, өзінің 1899 жылғы 13 февральдағы журналға жазылған
қаулысы бойынша істі қысқартқан. Бұл қаулының көшірмесін іспен қоса бұрынғы Семей
облыстық сотының прокурорына кері қайтарды. Прокурор іс пен қаулыны 1899 жылғы 24
апрельдегі қатынас қағазымен бұрынғы Семей облыстық сотына жолдаған, онда былай
деп жазылыпты: „Облыстық басқарманың 1899 жылғы 13 февральдағы қаулысының