Page 38 - Абай. Қарасөздер

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
38
Бұл өзін-өзі артық көрсетпек екі түрлі! Әуелгісі — әрбір жаманшылықтың жағасында
тұрып адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жимақтық, бұл адамға нұр
болады.
Екіншісі — өзін-өзі өзгешелікпен артық көрсетпек адамдықтың нұрын, гүлін бұзады.
Үшіншісі — қастық қылмақ, қор тұтпақ, кемітпек. Олар дұшпандық шақырады.
Һәм өзі өзгеше тұтатын демектің түбі — мақтан. Әрбір мақтан біреуден асамын деген
күншілдік бітіреді де, күншілдік күншілдікті қозғайды. Бұл үш түрлі істің жоқтығы
адамның көңіліне тыныштық береді. Әрбір көңіл тыныштығы көңілге талап салады.
Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек Әуелі — надандық,
екіншісі— еріншектік, үшіншісі — залымдық деп білесің.
Надандық — білім-ғылымның жоқтығы, дүниеде ешбір нәрсені оларсыз біліп болмайды.
Білімсіздік хайуандық болады.
Еріншектік — күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық,
кедейлік — бәрі осыдан шығады.
Залымдық – адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді,
бір жыртқыш хайуан қисабына қосылады.
Бұлардың емі, халлақына махаббат, халық ғаламға шапқат, қайратты, тұрлаулы, ғадалат
ісінің алды-артын байқарлық білімі, ғылымы болсын... Ол білім, ғылымы құдаға
мұқтәди
223
болсын. Ғылым әуелі ғалами ғылымға мұқтәди болсын. Яғни құдай тағала бұл
ғаламды жаратты, ерінбеді, келісімменен, хикметпенен кәмәлатты бір жолға салып
жасады, сіздердің ісіңіз де бір жақсылық бина
224
қылып, арқа сүйерлік шеберлікпенен
болсын. Және құдай тағала әрне жаратты, бір түрлі пайдалы хикметі бар. Сенің де ісіңнен
бір зарар шығып кеткендей болмай, көпке пайда боларлық бір үміті бар іс болсын.
Бұларсыз іс іс емес. Бәлки бұларсыз тағат
225
тағат та емес.
Белгілі, құдай тағала ешбір нәрсені хикметсіз жаратпады, ешбір нәрсеге хикметсіз
тәклиф
226
қылмады. Бәрінің хикметі бар, бәрінің себебі бар, біздің ғауам
227
былай тұрсын,
ғылымға махаббаты барларға себеп, парыздарды білмекке ижтиһад ләзім
228
, сіздер әрбір
ғамал қылсаңыз ізгілік деп қыласыз, ізгілікке бола қасд
229
етіп, ниет етесіз. Ниет оның
парызынан хисап, пайғамбарымыз салаллаһу ғалайһи уәссәлламнің
230
хадис шарифі
223
Мұқтәди (арабша) – еру, бағыну, құлшылық ету.
224
Бина (арабша) – негіз, тірек.
225
Тағат (арабша) – бағыну, тыңдау; тәртіп, құлшылық ету.
226
Тәклиф (арабша) – жұмыс арту, міндет, борыш, еңбек, дәстүр.
227
Ғауам (арабша) – көпшілік халық, жәй халық.
228
Ижтиһад ләзім (арабша) – талап ету керек, көңілмен еңбек ету керек.
229
Қасд (арабша) – мақсат, ниет, ой арнау.
230
Салаллаһу ғалайһи уәссәллам (арабша) – Алла саған игі тілек тілеп, сәлеміңді қабыл алсын
(амандассын).