Page 39 - Абай. Қарасөздер

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
39
„иннама-л-ағмал, бинниет"
231
деген. Енді ниет еттіңіз таһарат
232
алмаққа, намаз оқымаққа,
ораза тұтпаққа, бұл тағаттарды ниетіңіз заһирынан
233
қалыпсыз ғибадатқа жетпегендігі
кемшілік емес пе? Сіздің батиныңыз
234
таза болмағы әуелі иман болып, бұл заһир
ғибадатыңыз иманды болған соң ғана, парыз болған, сіздің заһирыңыздағы ғибадат—
батиныңыздағы иманның көлеңкесі, һәм сол иманның нұрланып тұрмағына көрік үшін
бұйырылған. Оның үшін ғұламалар иман екеу емес, біреу, бірақ ізгі тағатпенен
нұрланады, тағат жоқ болса, күңгірттенеді, бәлки сөну қаупі де бар деген. Егер надандар
ол ғибадаттың
235
ішкі сырын ескермей қылса, соны қылып жүріп, иманы сөнер деген.
Менің қаупім бар, олар хас
236
осы ғибадат екен, құданың бізге бұйырғаны, біз осыны
қылсақ, мұсылмандық кәміл болады деп ойлайды. Ол ғибадат күзетшісі еді. Жә, күзетші
күзеткен нәрсенің амандығын ойламай, бір ғана ояу тұрмағын қасд қылса, ол не күзет?
Күзеткен нәрсесі қайда кетеді? Мақсат күзетілген нәрсенің амандығы, тазалығы емес пе?
Ей, ишараттан
237
хабарсыздар, қара! Бұл ғибадаттан бір үлкені — намаз, ол намаздан әуелі
таһарат алмақ, онан соң намазға шұруғ
238
қылмақ, ол таһараттың алды истинжа
239
еді.
Мұны бір берік ойлап тұр. Аяғы екі аяқка мәсіхпенен
240
бітуші еді, бұлар һәммасы
болмаса көбі ишарат еді. Истинжада к.-.іңізді жуасыз, сіздің к...іңіздің ешкімге керегі жоқ
еді. Онымен сезімді тазалыққа иіргендігіңді кәміл ықласыңды көрсетіп, ішімнің
сафлығының
241
соңында халық көрер, сыртымды да пәк етемін һәм көзге көрінбейтін
ағзаларымды
242
да пәк етемін, бұл пәктіктің үстінде Аллаға дұға айтамын деп әзірленесіз.
Енді намаздың аты — салауат
243
, салауат дұға мағынасында деген.
Аяқта, мойында болған мәсхлар — ол жумақ емес, өздері де жуулы деп көрсеткен
ишараты.
Намаздан әуелі құлақ қақтыңыз — егер Алла тағаланы жоғарыда деп, мәкән исфат
244
етпесең де, бегірек созу әдепсіз болып, күнә дариясына ғарық
245
болдым, яғни дүние
әуесіне ғарық қылмай қолымнан тарт, яғни құтыларлық жәрдемдерінің ишараты*.
*Ескерту: Бұл жерде соңғы сөзі 40-жылғы баспамен салыстырғанда қате жазылған.
(Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) есімі аталғаннан соң айтылатын құрметтеу сөйлемі).
231
Иннама-л-ағмал, бин-ниет (арабша) – шынында еңбек, ниетке (мақсатқа) негізделеді.
232
Таһарат (арабша) – тазалық, намаз алдындағы жуыну.
233
Заһир (арабша) – анық, сыртқы, сырттай.
234
Батин (арабша) – ішкі, көрінбейтін, жабық.
235
Ғибадат – табыну, қызмет ету, сыйлау.
236
Хас (арабша) – ерекше, арнайы, меншікті.
237
Ишарат (арабша) – нұсқау, көрсету.
238
Шұруғ (арабша) – бастау, кірісу (бір нәрсені не істі бастау).
239
Истинжа (арабша) – жуыну, тазалану, әсіресе түзге отырғаннан кейін тазалану.
240
Мәсіх (арабша) – дәрет алғаннан кейін мәсінің үстінен сулы қолмен сүрту.
241
Саф (арабша) – таза, шынайы.
242
Ағзалар (арабша) – мүшелер. Бұл жерде ирак диалекті бойынша ағда сөзі ағза деп айтылған.
243
Салауат (арабша) – намаз, дұға.
244
Мәкән исфат (арабша) – орнын бар деп түсіну, қабылдау. Жоғарыда Алла тағаланыңмекенін бар
деп қорытындылау.
245
Ғарық (арабша) – бату, шому