Page 37 - Абай. Қарасөздер

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
37
қолым қысқа болмасын деп һәм өзім біреуге тамғылы
211
болмайын деп, малға махаббатын
аудармай, ізгілікке бола халал кәсіп бірлән тапқан дүние емес.
Біз ғылымды сатып, мал іздемек емеспіз. Мал бірлән ғылым кәсіп қылмақпыз. Өнер — өзі
де мал, өнерді үйренбек—өзі де ихсан. Бірақ ол өнер ғадаләттан шықпасын, шарғыға
212
муафих
213
болсын. Адамға хәлінше ихсанды болмақ — қарыз іс. Бірақ өзгелердің
ихсанына сүйенбек дұрыс емес. Моллалар тұра тұрсын, хусусан
214
бұл заманның
ишандарына бек сақ болыңдар. Олар — фитнә
215
ғалым, бұлардан залалдан басқа ешнәрсе
шықпайды. Өздері хүкім
216
шариғатты таза білмейді, көбі надан болады. Онан асып өзін
өзі әһіл тариқат
217
біліп және біреуді жеткізбек дағуасын қылады. Бұл іс олардың
сыбағасы емес, бұлардың жеткізбегі мұхал
218
, бұлар адам аздырушылар, хаттә дінге де
заладды. Бұлардың сүйгені—надандар, сөйлегені — жалған, дәлелдері — тасбығы менен
шалмалары, онан басқа ешнәрсе жоқ.
Енді біліңіздер, ей перзенттер! Құдай тағаланың жолы деген жол Алла тағаланың өзіндей
ниһаятсыз
219
болады. Оның ниһаятына ешкім жетпейді. Бірақ сол жолға жүруді өзіне шарт
қылып кім қадам басты, ол таза мұсылман, толық адам делінеді. Дүниеде түпкі мақсатың
өз пайдаң болса — өзің ниһаятлысың, ол жол құдайдың жолы емес. Ғаламнан жиылсын,
маған құйылсын, отырған орныма ағып келе берсін деген ол не деген ынсап? Не түрлі
болса да, я дүниеңнен, я ақылыңнан, я малыңнан ғадаләт, шапағат секілді біреулерге
жақсылық тигізбек мақсатың болса, ол жол — құданың жолы. Ол ниһаятсыз жол, сол
ниһаятсыз жолға аяғыңды берік бастың, ниһаятсыз құдаға тағырып хасил
220
болып хас
221
езгу құлдарынан болмақ үміт бар, өзге жолда не үміт бар? Кейбіреулердің бар өнері,
мақсаты киімін түзетпек, жүріс-тұрысын түзетпек болады да, мұнысын өзіне бар дәулет
біледі. Бұл істерінің бәрі өзін көрсетпек, өзін-өзі базарға салып, бір ақылы көзіндегі
ақымақтарға „бәрекелді" дегізбек. „Осындай болар ма едік" деп біреулер талаптанар,
біреулер „осындай бола алмадық" деп күйінер, мұнан не пайда шықты? Сыртқа қасиет
бітпейді, Алла тағала қарайтұғын қалыбыңа, боямасыз ықыласыңа қасиет бітеді. Бұл
айнаға табынғандардың ақылы қаншалық өсер дейсің? Ақыл өссе, ол түпсіз терең
жақсылық сүймектікпен өсер.
Құдай тағала дүниені кәмалатты шеберлікпен жаратқан һәм адам баласын өссін-өнсін деп
жаратқан. Сол өсіп-өну жолындағы адамның талап қылып ізденер қарызды ісінің алды —
әуелі дос көбейтпек. Ол досын көбейтпектің табылмағы өзінің өзгелерге қолыңнан
келгенінше достық мақамында
222
болмақ. Кімге достығың болса, достық шақырады. Ең
аяғы ешкімге қас сағынбастық һәм өзіне өзгешелік беремін деп, өзін тілмен я қылықпен
артық көрсетпек мақсатынан аулақ болмақ.
211
Тамғылы (арабша) – 1) тілек, сұрамсақтану; 2) сараң болу, дүние құмарлық, тойымсыздық.
212
Шарғы (арабша) – діни заң.
213
Муафих (арабша) – үйлесімді, заң.
214
Хусусан (арабша) – әсіресе, тіпті.
215
Фитнә (арабша) – бүліншілік, бұзық, қателесу.
216
Хүкім (арабша) – үкім, мағына, анықтама, түсінік.
217
Әһіл тариқат (арабша) – дін жолындағы адамдар.
218
Мұхал (арабша) – мүмкін емес, екі талай, орындалмайтын іс (абсурд).
219
Ниһаятсыз (арабша) – шексіз, өлшеусіз.
220
Тағырып хасил (арабша) – жақын нәтиже, ұқсас, жақын қорытынды.
221
Хас (арабша) – ерекше.
222
Мақам (арабша) – 1) жағдай, қарым-қатынас; 2) орын; 3) дәреже, қадір-қасиет, мағына.