Page 30 - Абай. Қарасөздер

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
30
болса, ол бірліктен құтылмайды. Әрбір хадиске
94
айтылатұғын бір қадимге
95
тағриф
болмайды. Ол „бір" деген сөз ,аламның ішінде, ғалам Алла тағаланың ішінде, құдай
табарака уатағала кітаптарда сегіз субутия
96
сипаттары бірлән, уә тоқсан тоғыз Әсма-и
хүсналар
97
бірлән білдірген. Бұлардың һәммасы Алла тағаланың затия
98
субутия уә
фиғлия
99
сипаттары дүр. Мен мұнда сіздерге төртеуін білдіремін. Оның екеуі — ғылым,
құдірет. Сегіз сипаттан қалған алтауы — бұларға шарх
100
. Ол алтауының бірі — хаят
101
,
яғни тірлік.
Алланы бар дедік, бір дедік, ғылым, құдірет сипаты бірлән сипаттадық. Бұл бірлік, барлық
ғылым, құдірет олула
102
боларлық нәрселер ме? Әлбетте, ғылым құдіреті бар болады:
хаяты — мағлұм, бірі — ирада, яғни қаламақ. Ғылым бар болса, қаламақ та бар. Ол
ешнәрсеге қарекет бермейді. һәммаға қарекет беретұғын өзі. Ол ирада ғылымының бір
сипаты кәләм, яғни сөйлеуші деген, сөз қаріпсіз, дауыссыз болушы ма еді? Алланың сөзі
— қаріпсіз, дауыссыз. Енді олай болса, айтқандай қылып білдіретұғын құдіреті және
басар, сәмиғ, яғни көруші, есітуші деген. Алла тағаланың көрмегі, естімегі, біз секілді
көзбенен, құлақпенен емес, көргендей, естігендей білетұғын ғылымның бір сипаты. Бірі —
тәкуин, яғни барлыққа келтіруші деген сөз. Егер барлыққа келтірмегі бір өз алдына сипат
болса, Алла тағаланың сипаты өзіндей қадім, һәм әзали
103
һәм әдәби
104
болады да,
һәмишә
105
барлыққа келтіруден босанбаса, бір сипаты бір сипатынан үлкен я кіші болуға
жарамайды. Олай болғанда ғылым, құдірет сипаттары секілді босанбай, һәр уақыт
жаратуда болса, бір ықтиярсыздық шығады. Ол ықтиярсыздық Алла тағалаға лайықты
емес. Оның барлыққа келтірмегі — құдіретіне ғана бір шарх. Бұл ғылым, құдіретте ешбір
ниһоятсіз
106
, ғылымында ғафләт
107
, құдіретінде епсіздік және нашарлық жоқ. Саниғын
сұңғатына
108
қарап білесіз. Бұл көзге көрілген, көңілге сезілген ғаламды қандай
хикметпенен жарастырып, қандай құдіретпенен орналастырған, ешбір адам баласының
ақылы жетпейді. Бірақ пендесінде ақыл — хүкімші, қайрат, қуат — қызмет қылушы еді.
Соған қарап ойлайсың: Алла тағаланың сипатында солай болмаққа тиіс. Бірақ әуелде
айтқанымыз: ғылым, құдірет — біздің ұғуымызға ғана екі хисап болмаса, бір-ақ ғылымды
құдірет болуға тиіс. Олай болмаса сипаттар өз орталарында бірі тәбиғ
109
, бірі матбуғ
110
94
Хадис (арабша) – әңгіме, пайғамбардың (с.ғ.с.) не сөзі, не өмірі туралы әңгіме.
Ескерту: бұл жерде «хадис» сөзінің екінші мағынасы қолданылуы мүмкін, бұған текстологиялық
ізденіс керек. «Хадис» сөзінің екінші мағынасы «жаңа», өйткені мәтін бойынша келесі сөз
«қадим» бұл «ескі» деген мағынада. – ред.
95
Қадим (арабша) – ескі, көне.
96
Субутия (арабша) – орнықты, дәлелді, тұрақты
97
Әсма- хүсна (арабша) – көркем, жақсы есімдер.
98
Затия (арабша) – өзіне лайық, меншікті.
99
Фиғлия (арабша) – нақтылы.
100
Шарх (арабша) – түсінік (түсіндіру), ашу, анықтау.
101
Хаят (арабша) – өмір, тірлік.
102
Құдірет олула (арабша) –құдіретті болу, күшті болу, қабілетті болу, (Олды (болды) оңтүстік
түрік тайпаларынан ауысқан китаби тілдің әсері.
103
Әзәли (арабша) – ертеден, мәңгі, бақи.
104
Әдәби (арабша) – әдеби, мәдени, әдепті, рухани.
105
Һәмишә (арабша) – кәдімгі, жалпы, халықтық, қазақша һаммасі, кейбір түрік тілдерінде –
һәммәші.
106
Ниһоят (арабша) – өлшеусіз, шексіз.
107
Ғафләт (арабша) – ұқыпсыздық, қателік, қапы қалу.
108
Саниғын сунгатына (арабша) – жақсылық жасаушы (жақсылық іс істеуші).
109
Табиғ (арабша) – еруші.
110
Матбұғ (арабша) – ертуші.