Page 31 - Абай. Қарасөздер

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
31
болады ғой. Бұл болса, тариф раббыға
111
жараспайды. Сегіз сипат қылып және ол сипаттар
„Лағаиру уәлә һуә"
112
болып, бұлай айтуда, бұлардан бір өз алдына жамағат яки
жамиғат
113
шығып кетеді. Бұл болса келіспейді. Егерде сипаттарды әрбірін басқа-басқа
дегенде, көп нәрседен жиылып, иттифақпенен құдай болған болады. Бұлай деу батыл
114
,
бір ғана құдірет пендеде болған қуат; құдірет ғылым ақылдан басқа болатұғын, Алла
тағалада болған құдірет — ғылым һәм рахмет. Ол — рахмет сипаты, сегіз сипаттың ішінде
жазылмаса да, Алла таталаның Рахман
115
, Рахим
116
, Ғафур
117
, Уадуд
118
, Хафиз
119
,
Сәттар
120
, Раззақ
121
, Нафиғ
122
, Уәкил
123
, Латиф
124
деген есімдеріне бинаән
125
бір ұлығ
сипатынан хиссаптауға жарайды. Бұл сөзіме нақлия
126
дәлелім — жоғарыдағы жазылған
Алла тағаланың есімдері. Ғақлия
127
дәлелім құдай тағала бұл ғаламды ақыл жетпейтін
келісіммен жаратқан, онан басқа, бірінен бір пайда алатұғын қылып жаратыпты. Жансыз
жаратқандарынан пайда алатұғын жан иесі хайуандарды жаратып, жанды хайуандардан
пайдаланатұғын ақылды инсанды
128
жаратыпты.
Хайуандарды асырайтұғын жансыздарды еті ауырмайтын қылып, жан иесі хайуандарды
ақыл иесі адам баласы асырайтын қылып, һәм олардан махшарда сұрау бермейтұғын
қылып, бұлардың һәммасынан пайда аларлық ақыл иесі қылып жаратқан. Адам баласынан
махшарда сұрау алатұғын қылып жаратқандығында һәм ғадаләт, һәм махаббат бар. Адам
баласын құрт, құс, өзге хайуандар секілді тамақты өз басымен алғызбай, ыңғайлы екі
қолды басқа қызмет еттіріп, аузына қолы ас бергенде, не ішіп, не жегенін білмей
қалмасын деп, иісін алып ләззаттанғандай қылып, ауыз үстіне мұрынды қойып, оның
үстінен тазалығын байқарлық екі көз беріп, ол көздерге нәзіктен, зарардан қорғап
тұрарлық қабақ беріп, ол қабақтарды ашып-жауып тұрғанда қажалмасын деп кірпік жасап,
маңдай тері тура көзге ақпасын деп, қаға беруге қас беріп, оның жүзіне көрік қылып,
бірінің қолынан келместей істі көптесіп бітірмекке, біреуі ойын біреуіне ұқтырарлық
тіліне сөз беріп жаратпақтығы махаббат емес пе? Кім өзіңе махаббат қылса, сен де оған
махаббат қылмағың қарыз емес пе? Ақыл көзімен қара: күн қыздырып, теңізден бұлт
шығарады екен, ол бұлттардан жаңбыр жауып, жер жүзінде неше түрлі дәндерді өсіріп,
жемістерді өндіріп, көзге көрік, көңілге рақат гүл-бәйшешектерді, ағаш-жапырақтарды,
қант қамыстарын өндіріп, неше түрлі нәбатәттәрді
129
өстіріп, хайуандарды сақтатып,
111
Тариф раббы (арабша) – Алланы тану, білу.
112
Лағаиру уәлә һуә (арабша) – басқа да емес, (оның) өзі де емес.
113
Жамиғат (арабша) – жиын, ұйым.
114
Батыл (арабша) – теріс, қате.
115
Рахман (арабша) – жарылқаушы, мейірімді (Алланың атауларының бірі).
116
Рахим (арабша) – кешіруші, мейірімді, жан ашушы.
117
Ғафур (арабша) – кешіруші (Алланың атауларының бірі).
118
Уадуд (арабша) – сүйікті, сүюші (Алланың атауларының бірі).
119
Хафиз (арабша) – қорғаушы (Алланың эпитетінің бірі), кешіруші, ара тұрушы (Алланың
атуларының бірі).
120
Сәттар (арабша) – кешіруші, ара тұрушы (Алланың атауларының бірі).
121
Раззақ (арабша) – несібе беруші, ырыздық беруші (Алланың бір атауларының бірі).
122
Нафиғ (арабша) – қосымша несібе беруші, пайда беруші (Алланың эпитетінің бірі).
123
Уәкил (арабша) – уәкіл, басқарушы.
124
Латиф (арабша) – жақсылық жасаушы, мейірбан, қайырымды.
125
Бинаән (арабша) – негізделген, орнатылған.
126
Нақлия (арабша) – дәстүрге сүйенген ғылым, дәстүрлі сөздер.
127
Ғақлия (арабша) – ақылмен не оймен түсіну.
128
Инсан (арабша) – адам, адам баласы.
129
Нәбатәттәр (арабша) – өсімдіктер.