Page 29 - Абай. Қарасөздер

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
29
уәссәлләм оның тарапынан елші екендігіне инандың. Жә, не бітті? Сен Алла тағалаға Алла
тағала үшін иман келтіремісің я өзің үшін иман келтіремісің? Сен иман келтірмесең де,
Алла тағалаға келер ешбір кемшілік жоқ еді. Өзің үшін иман келтірсең, жә инандың. Ол
инанмақтығың құр ғана инанмақтықпен қалса, саған пайда бермейді. Оның үшін сен өзің
инанмақтығыңнан пайда ала алмадың, пайдаланамын десең, пайда береді, кәміл иман
болады. Пайданы қалайша алуды білмек керек.
Сіз „Әмәнту биллаһи кәмаһуә би әсмайһи уасифатиһи"
73
дедіңіз. Ол есім аллалар һәмма ол
Алла тағаланың фиғыл ғазимләрінің
74
аттары, олардың мағынасын біл һәм сегіз сифат
затиялары
75
не деген сөз, кәміл үйрен. Өзіңді оның құлы біліп, өзіңе муслим
76
ат қойып,
тәслим
77
болғаныңа раст боласың да. Өз пиғылдарыңды соған өз халіңше ұқсатуды шарт
қыл. Алла тағалаға ұқсай алам ба деп, надандықпен ол сөзден жиіркенбе, ұқсамақ — дәл
бірдейлік дағуасыменен емес, соның соңында болмақ. Оның үшін Алла тағаланың
сипаттары: Хаят
78
, Ғылым, Құдірет
79
, Басар
80
, Сәмиғ
81
, Ирада
82
, Кәлам
83
, Тәкин
84
. Бұл
сегізінен Алла тағаладағыдай кәмәлат-ғазамат
85
бірлән болмаса да, пендесінде де
әрбірінен өз халінше бар қылып жаратыпты. Жә, біз өзіміздің бойымыздағы сегіз зәррә
86
аттас сипатымызды ол Алла тағаланың сегіз ұлығ сипатынан бас бұрғызып, өзге жолға
салмақпенен біздің атымыз муслим бола ала ма? Болмаса керек. Жә, ол сегіз сипатына
сипатымызды һәм ол аттары бірлән ағламланған
87
фиғыл
88
құдаға фиғлымызды ертпек
неменен табылады, қалайша табылады, оны білмек керек. Ол — Алла тағаланың заты,
ешбір сипатқа мұқтаж емес, біздің ақылымыз мұқтаж, жоғарғы жазылмыш сипаттар
бірлән тағрифлап
89
танымаққа керек. Егерде ол сипатгар бірлән тағрифламасақ, бізге
мағрифатулла
90
қиын болады. Біз Алла тағаланы өзінің білінгені қадар ғана білеміз,
болмаса түгел білмекке мүмкін емес. Заты түгіл, хикметіне ешбір хакім
91
ақыл ерістіре
алмады. Алла тағала — өлшеусіз, біздің ақылымыз — өлшеулі. Өлшеулімен өлшеусізді
білуге болмайды. Біз Алла тағала „бір" дейміз, „бар" дейміз, ол „бір" демеклік те —
ақылымызға ұғымның бір тиянағы үшін айтылған сөз. Болмаса ол „бір" демеклік те Алла
тағалаға лайықты келмейді. Оның үшін мүмкинаттың
92
ішінде не нәрсенің ужуді
93
бар
73
Әмәнту биллаһи кәмаһуә би әсмайһи уасифатиһи (арабша) – мен Аллаға, сол сияқты оның
есімдері мен құдыретті сипаттарына сенемін.
74
Фиғыл ғазим (арабша) – ұлыс.
75
Сифат затия (арабша) – ерекшеленген сипат, өзіне лайықты меншікті сипат (қасиет).
76
Муслим (арабша) – берілу, сену.
77
Тәслим (арабша) – берілу, сену.
78
Хаят (арабша) – өмір, тіршілік.
79
Құдірет (арабша) – күш, құдірет.
80
Басар (арабша) – түсіну, білу, қабылдау.
81
Сәмиғ (арабша) – естуші, тыңдаушы. (Алла тағаланың есімінің бірі).
82
Ирада (арабша) – тілек, мақсат, қалау.
83
Кәлам (арабша) – сөз, тіл.
84
Тәкин (арабша) – тудыру, жасау, бар қылу.
85
Кәмәлат-ғазамат (арабша) – үлкен жетістік, күрделі толығу.
86
Зәрра (арабша) – кішкентай, заттың бір бөлігі.
87
Ағлам (арабша) – белгі, сипат.
88
Фиғыл (арабша) – әрекет, пиғыл.
89
Тағриф (арабша) – түсіндіру, анықтау.
90
Мағритулла (арабша) – Алланы тану, білу.
91
Хакім (арабша) – өкім, данышпан.
92
Мүмкинат (арабша) – болуы мүмкін нәрселер, мүмкіншілік.
93
Ужуді (арабша) – болу, өмір сүру, болмыс.