Page 22 - Абай. Қарасөздер

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
22
өліп кетпей неге керек? Азар болса атылып, я осы үшін айдалып кетсем де көнгенім-ақ!
Әйтеуір бір өлім бар ма?" — деп қалшылдайтұғын кісі көп қой.
Өздерің көріп жүрсіңдер, осы айтқан сөз бойына лайық қазақ көрдіңдер ме? Өлімге
шыдайтұғын қазақ көргенім жоқ, өлімге шыдамаймын деген де қазақ көргенім жоқ,
кеңірдегін ғана көрсетеді-ау: „қиылып қана қалайын" деп. Егер осы сөз бойына лайық кісі
көрінсе, ақылы жоқ болса да, қайратыменен-ақ кісі айдындыратұғын адам болғаны ғой!
Егер шын айғайды көргенде, кірер жерін таба алмайтұғын дарақы, жұртты осы сөзімен
айдындырамын, „мына кәпірден кісі шошитұғын екен" дегізіп айдындырайын деп айтып
отырған құр домбытпасы болып, босқа қоқиып отырса, соны не дейміз? Ай, құдай -ай!
Жанға мырзалық қылатұғын, ердің жадағайда-ақ сертке тұрғыштығы, малға мырзалығы,
дүниені бір тиын есеп көрмейтұғын жомарттығы — әр түрлі белгісі бойынша тұрмас па
еді? „Ұялмас бетке талмас жақ береді" деп, көп былжыраған арсыз, ұятсыздың бірі дағы.
ОТЫЗ БІРІНШІ СӨЗ
Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі — көкірегі байлаулы берік
болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану
49
керек, көңілденіп,
тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып
ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші — ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер
бір кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-
күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт
нәрсе — күшті ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.
ОТЫЗ ЕКІНШІ СӨЗ
Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз
шарттары бар. Оларды білмек керек, білмей іздегенмен табылмас.
Әуелі — білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің бір
қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемекке керек. Оның үшін білім-ғылымның өзіне
ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет білсең және әр білмегеніңді
білген уақытта көңілде бір рақат хұзур хасил
50
болады. Сол рақат білгеніңді берік ұстап,
білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттенген құмар, махаббат пайда болады.
Сонда әрбір естігеніңді, көргенінді көңілің жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке
жайғастырып алады.
Егер дін көңілің өзге нәрседе болса, білім-ғылымды бір-ақ соған себеп қана қылмақ үшін
үйренсең, ондай білімге көңіліңнің мейірімі асырап алған шешеңнің мейірімі секілді
болады. Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп,
тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.
Екінші — ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. Бахасқа
51
бола үйренбе, азырақ бахас көңіліңді пысықтандырмақ үшін залал да емес, көбірек бахас
адамды түземек түгіл, бұзады. Оның себебі әрбір бахасшыл адам хақты шығармақ үшін
ғана бахас қылмайды, жеңбек үшін бахас қылады. Ондай бахас хусідшілікті
52
зорайтады,
49
Ғибрәтлану (арабша) – үлгі, өнеге, сабақ алу мағынасында.
50
Хұзур хасил (арабша) – келген, оралған, нәтиже, мағына.
51
Бахас (арабша) – алдау, қиянат жасау, біреудің адамгершілігіне сөз келтіру.
52
Хусідшілік (арабша) – күншілдік, іштарлық.