Page 18 - Абай. Қарасөздер

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
18
біле тұра, жерге кіргендей болып я бір арамдығы, жамандығы шыққандай несіне ұялып,
қорланады екен?
Енді осылардан білсеңіз болады: надан ел қуанбас нәрсеге қуанады һәм және қуанғанда не
айтып, не қойғанын, не қылғанын өзі білмей, есі шығып, бір түрлі мастыққа кез болып
кетеді. һәм ұялғандары ұялмас нәрседен ұялады, ұяларлық нәрседен ұялмайды. Мұның
бәрі — надандық, ақымақтықтың әсері. Бұларын айтсаң, кейбіреуі „рас, рас" деп ұйыған
болады. Оған нанба, ертең ол да әлгілердің бірі болып кетеді. Көңілі, көзі жетіп тұрса да,
хайуан секілді әуелгі әдетінен бойын тоқтата алмайды, бір тиянақсыздыққа түсіп кетеді,
ешкім тоқтатып, ұқтырып болмайды. Не жаманшылық болса да бір әдет етсе, қазақ ол
әдетінен еріксіз қорыққанда я өлгенде тоқтайды, болмаса ақылына жеңгізіп, мұным теріс
екен деп біліп, ойланып өздігінен тоқтаған адамды көрмессің.
ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ СӨЗ
(Сократ хакімнің сөзі)
Бір күні Сократ хакім бір Аристодим деген ғалым шәкіртіне Құдай табарака уа тағалаға
35
құлшылық қылмақ турасында айтқан сөзі. Ол өзі құлшылық қылғандарға күлуші еді.
— Әй, Аристодим, ешбір адам бар ма, сенің білуіңше, қылған өнерлері себепті адам
таңырқауға лайықты?— деді.
Ол айтты:
—Толып жатыр, хазірет.
—Бірінің атын аташы,— дейді.
— Гомерге бәйітшілігі
36
себепті, Софоклге трагедиясы себепті, яғни біреудің сипатына
түспектік, Зевксиске суретшілігі себепті таңырқаймын,— деп, соған ұқсаған неше онан
басқа өнерлері әшкере болған жандарды айтты.
— Олай болса, кім артықша ғажайыптануға лайықты: жансыз, ақылсыз, құр пішінді
жасайтұғын суретші ме? Я жан иесі, ақыл иесі адамды жаратушы ма?— дейді.
— Соңғысы лайықты,— дейді,— бірақ ол жаратушы жаратты, өздігінен кез келіп, солай
болып кетпей, басынан біліп істеген хикметімен болса,— дейді.
— Жә, пайдалы нәрсе дүниеде көп, бірінің пайдасы көрініп, білініп тұрады. Кейбірінің
пайдасы анық білінбейді. Соның қайсысын хикмет көресің?— деді.
— Әрине, әшкере пайдаға бола жаратылғанын хикмет десек керек деймін,— дейді.
— Жә, олай болса, адамды жаратушы хауаси
37
хамса заһри
38
бергенде, тахқиқ
39
ойлап,
олардың пайдасының барлығы түгел оған мұқтаж боларлығын біліп бергендігі әшкере тұр
35
Табарака уа тағала (арабша) – игілікке бастаушы ұлы тәңір (Алла тағалаға эпитет ретінде
айтылатын атау).
36
Бәйітшілігі (арабша) – өлең, жыр.
37
Хауаси (арабша) – Хауа ана.