Page 13 - Абай. Қарасөздер

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
13
Ақыл айтыпты: Не дүниеге, не ақиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын —
мен, сенің сөзіңді ұғатұғын – мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша
алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады?
Менсіз өздері неге жарайды?— депті.
Онан соң жүрек айтыпты: Мен – адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан
менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан
кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй-жайы қандай
болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, төсегінде
дөңбекшітетұғын – мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын – мен, бірақ
мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын
алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын – мен, жаманшылықтан жиреніп тулап
кететұғын – мен, әділет, ынсап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі
менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады? –
депті.
Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты:
—Ей, қайрат, сенің айтқаныңның бәрі де рас. Ол айтқандарыңнан басқа да көп
өнерлеріңнің бары рас, сенсіз ешнәрсенің болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай
қаттылығың да мол, пайдаң да мол, бірақ залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап,
кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман,— депті.
—Ей, ақыл! Сенің айтқандарыңның бәрі де рас. Сенсіз ешнәрсе табылмайтұғыны да рас.
Жаратқан тәңіріні де сен танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ
сонымен тұрмайсың, амал да, айла да – бәрі сенен шығады. Жақсының, жаманның
екеуінің де – сүйенгені, сенгені – сен; екеуінің іздегенін тауып беріп жүрсің, соның жаман,
– депті. – Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ – менің ісім, – депті. – Бірақ сонда билеуші,
әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа
жүрмейді. Жақсылық айтқаныңа жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады.
Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады.
— Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді
аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де
жүрекке билет,— деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен.— Осы үшеуің бір кісіде
менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам —
сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта,
құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы,— депті.
ОН СЕГІЗІНІШ СӨЗ
Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып
кимей, таза кимек — дұрыс іс. Ләкин өз дәулетінен артық киінбек, не киімі артық болмаса
да, көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ — кербездің ісі.
Кербездің екі түрлі қылығы болады: бірі бет-пішінін, мұртын, мүшесін, жүрісін, қас-
қабағын қолдан түзетіп, шынтағын көтеріп, қолын тарақтап әуре болмақ. Біреуі атын,
киімін „айран ішерім" деп, солардың арқасында сыпайы, жұғымды жігіт атанбаққа, өзінен
ілгерілерге елеулі болып, өзі қатардағының ішін күйдіріп, өзінен кейінгілерге „әттең