Page 14 - Абай. Қарасөздер

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
14
дүние-ай, осылардың атындай ат мініп, киіміндей киім кигеннің не арманы бар екен?!"—
дейтұғын болмаққа ойланбақ.
Мұның бәрі – масқаралық, ақымақтық. Мұны адам бір ойламасын, егерде бір ойласа,
қайта адам болмағы – қиын іс. Кербез дегенді осындай кер, кердең немеден безіңдер деген
сөзге ұқсатамын. Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген
нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық.
ОН ТОҒЫЗЫНШЫ СӨЗ
Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі
жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады.
Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі
іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен
сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап,
шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап
ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта
қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек?
Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы
деп бір хаким айтқан екен, сол секілді сөз болады.
ЖИЫРМАСЫНШЫ СӨЗ
Тағдырдың жарлығын білесіздер – өзгерілмейді. Пендеде бір іс бар жалығу деген. Ол –
тағдырда адаммен бірге жаратылған нәрсе, оны адам өзі тапқан емес. Оған егер бір еліксе,
адам баласы құтылмағы қиын. Қайраттанып, сілкіп тастап кетсең де, ақырында тағы келіп
жеңеді. Ақылы түгел, ойлы адамның баласы байқаса, осы адам баласының
жалықпайтұғын нәрсесі бар ма екен? Тамақтан да, ойыннан да, күлкіден де, мақтаннан да,
кербездіктен де, тойдан да, топтан да, қатыннан да көңіл, аз ба, көп пе, жалығады. Оның
үшін бәрінің ғайыбын көреді, баянсызын біледі, көңілі бұрынғыдан да суи бастайды.
Дүние бір қалыпты тұрмайды, адамның қуаты, ғұмыры бір қалыпты тұрмайды. Әрбір
мақұлыққа құдай тағала бір қалыпты тұрмақты берген жоқ. Енді көңіл қайдан бір қалыпты
тұра алады?
Бірақ осы жалығу деген әрнені көрем деген, көп көрген, дәмін, бағасын, бәрінің де
баянсызын біліп жеткен, ойлы адамнан шығады. Соншалық ғұмырының баянсызын,
дүниенің әрбір қызығының ақырының шолақтығын көрген-білгендер тіршіліктен де
жалықса болады. Бұлай болғанда ақымақтық, қайғысыздық та бір ғанибет
31
екен деп
ойлаймын.
ЖИЫРМА БІРІНШІ СӨЗ
Аз ба, көп пе, адам баласы бір түрлі мақтаннан аман болмағы – қиын іс. Сол мақтан деген
нәрсенің мен екі түрлісін байқадым: біреуінің атын үлкендік деп атаймын., біреуін
мақтаншақтық деймін. Үлкендік – адам ішінен өзін-өзі бағалы есеп қылмақ. Яғни, надан
атанбастығын, жеңіл атанбастығын, мақтаншақ атанбастығын, әдепсіз, арсыз, байлаусыз,
пайдасыз, сұрамшақ, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді — осындай жарамсыз
31
Ғанибет (арабша) – олжа, табыс.