Page 460 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

С
өз соңында
459
кездесулерім – жеке бір тақырып. Бұл – болашақтың ісі.
Өйткені бұл кітап мемуарға жатпайды. Мұнда негізінен біздің
тәуелсіздігіміздің іргетасы – экономика сөз болады. Осы
жылдары біздің компаниялардың акцияларының Лондон қор
биржасына (IPO) шығу процесі басталды. Бұл мүлде жаңа
деңгей, біз жаһандық экономиканың бөлшегіне айналуда-
мыз. Бізде қандай да болсын ақпарат жария бола түсуде.
Бұл сенімді арттырады және елімізге жаңа технологияларды
алып келеді. «Қазақмыс», «Қазақмұнайгаз» – IPOпионерлері,
бұлардың ізімен өкшелеп басқа компаниялар да келе жатыр.
Бұл – өзінше бір жеке әңгіме.
Соныменбіргеелдегі іскеасырылғанжігерлі экономикалық
реформаларды ғана сипаттап, білім беру жүйесінің даму
үрдісіне бірер ауыз сөз арналмаса, айтқанымыз толық
болмас еді. Бүгінде, біз дамудың жаңа кезеңіне шыққанда,
экономиканың өсуі тек қаржы инвестицияларын ғана талап
етіп қоймайды, сонымен бірге елімізді толыққанды адам
капиталымен қамтамасыз етуді қажет санайды. Оқу үрдісі ба-
рысында адам өзіне тек қажетті білімді ғана алып қоймайды,
сонымен бірге ол осы жинақтағанын қолдануға болатын
мүмкіндіктерді де іздейді. Дәл сондықтан да жоғарғы білім
деңгейі – бұл оның иесінің жоғарғы қабілеті деп ойлаймын.
Өмір көрсетіп отырғандай, бәсекеге қабілетті білім беру
жүйесі елдің өмірінде шешуші рөл атқарады. Сондықтан
оның дамуындағы кейбір негізгі кезеңдерді көрсеткім келді.
Сонымен бірге, ең басты нәрсе сол – мемлекет өз дамуының
бүкіл өн бойында өзінің ең маңыздыміндеті –жеке тұлғаның,
қоғамменмемлекеттің көкейтесті және кең өрісті талаптарына
сәйкес келетін, әрбір азаматтың толыққанды сапалы білім
алуына тең мүмкіндікті қамтамасыз етуі керек.
«Қазақстан–2030» стратегиясы қабылданып жатқан
кезде, біз елді 2030 жылға қарай әлемнің дамыған елдерінің
қатарына алып шығуды өзімізге мақсат етіп қойдық. Бұл