Page 461 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
460
біздің алдымызға қоғамдамуыныңжаңажауаптыміндеттерін
қойды. Яғнимемлекеттің бірінші кезектешешуі тиіс міндеттері
қойылды.
Сондықтан да мен, өзімнің «Қазақстанның әлемдегі
бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру страте-
гиясы» деген тақырыпта ел халқына арнаған Жолдауымда,
негізінен білім беру жүйесіне, ғылыммен білімді интеграция-
лау жолымен оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге
ерекше көңіл аудардым.
Осылардың ішінен теңмаңызды екі міндетті бөліп қарауға
болады. Біріншіден, білім беру ісі Отанның игілігі үшін саналы
түрде таңдау жасауға және өз бетімен шешім қабылдауға
қабілетті патриотты тәрбиелеуге қолдау көрсетуі керек. Екін-
шіден, білім беру ісі кез келген жағдайға бейімделгіш және
жаңаидеялардықабылдауға қабілетті, өзінеде, жақындарына
да қамқорлық жасай алатын, бәсекеге қабілетті және үнемі
жетіліп отыратын адамды тәрбиелеуге септігін тигізуі қажет.
Жаһанданужағдайында осыекі зорміндетке үшіншісі – ұлттық
сәйкестікті сақтап қалу міндеті келіп қосылады.
Б
ілім
беру
,
мемлекет және
қоғам
Қазақстандағы білім беру жүйесі жастарға жанұясының
материалдық мүмкіншіліктеріне, тұрған жеріне, ұлтына
және денсаулығының жағдайына қарамастан, толыққанды
білім алып шығуларына бірдей тең мүмкіндік береді. Бұл
ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар мен
жасөспірімдерді әлеуметтік жағынан қорғауды іске асыруға,
олардың өз мүмкіндіктерін пайдалануға жағдай туғызады. Ол
мектеп баласының ой-өрісін дамытуда үлкен рөл атқарады,
білім беруде, ынталандыруда және өнегелі тәрбие беруде
аса қуатты реттеуші болып табылады. Сонымен бірге, мем-
лекет балалар мен жастардың арасынан қабілеттілерін,