Page 459 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
458
С
өз
соңында
Менің кітабым Қазақстанның қазіргі заман тарихының
және менің ел Президенті ретіндегі қызметімнің ең қиын да,
ең жарқын да сәттерінің негізінде құрылған. Менің ойым-
ша, бұл жас ұрпақтың қолдан түсірмейтін кітабына айнала
алады. Кітаптың тоғыз тарауының әрқайсысында тәуелсіз
Қазақстанның қалыптасуының біз үшін аса маңызды болған
және әлі де солай бола беретін кезеңдері қарастырылған.
Кітапта елімізге дамудың айқын бағыттарын көрсету
керек болған кезде, біздің стратегия бойынша қалай
жұмыс істегеніміз; біздің заңдық іргетасымызды қалаған
Конституциясының қалай қабылданғаны; еліміздің басты
қазынасы – біздің мұнай-газ ресурстарымыздың қалай
игеріле бастағаны; Қазақстан экономикасының күре та-
мырлары ретіндегі ұлттық валютаның қалай енгізілгені
және банк жүйесінің қалай дамытылғаны; жүргізілген
экономикалық реформаларды кері қайтпайтындай етіп
бекіткен жекешелендіру мен жер реформасының қалай іске
асырылғаны; біздің жас мемлекеттігіміздің бейнесі сияқты
Астананың қалай салынғандығы туралы әңгімеленеді.
Сонымен қатар онда қазақстандықтың ғарышқа бірінші рет
ұшуы және Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның басынан
өткен көптеген жағдаяттар сөз болады.
Мемлекеттік құрылыстың біз тақыр жерден бастадық деп
айтарлықтай бірсыпыра маңызды мәселелері бұл кітаптан
тыс қалып қойды. Өзіміздің әскерімізді, шекара қызметін,
кеденді, арнайықызметтерді құружайын осығанжатқызамыз.
Қазақстанды дүние жүзіне танымал жасау үшін, орасан зор
сыртқы саяси қызмет қажет. Мен қызмет барысында өзімнің
жанымда болған, маған көмектерін көрсеткен әріптестерім ту-
ралы ештеңе айта алмадым.Менің дүниежүзі мемлекеттерінің
басшыларымен, планетаның небір тартымды адамдарымен