Page 458 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Ж
АҢА ДӘУІРДІҢ ЖАҢА АСТАНАСЫ
457
және оның жаңа астанасының құрылысы жөніндегі идея,
дәл осындай болды.
Бүгінде бұл мақсат жүзеге асты деп сенімді түрде айта
аламын. Ал адамдардың қолдауына келсек, мен оған талай
рет көз жеткіздім: біздің халықтың басым бөлігінде алғырлық
пен сезімталдық бар, егер де сеніңмақсатыңжасампаздыққа,
жақсартуға бағытталса, онда халық әрқашан сені қолдайды.
Соңғы жылдар ішінде, елорданы Астанаға ауыстырғаннан
кейін, елімізде өзінің маңызы жағынан тереңдетілген
әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар жүзеге
асырылды. Олар адамдардың психологиясын өзгертті.
Қоғамда орын алған масылдық пен бойкүйездік көңіл-күй
Кеңес Одағы құлағаннан кейін біртіндеп жойыла бастады.
Азаматтарда өзі мен балаларының болашағын өз қолымен
тұрғызуға деген нық сенім пайда болды.
Таяу болашақта Астана Қазақстан Республикасының
ірі саяси, ғылыми, мәдени және іскерлік орталығы, осы
заманның әсем қаласы болады. Барлық осы жоспарларға
көз салғанда, мен әрдайым олардың әр жағында тұрған
адамдарды елестетемін. Себебі, бұл жоспарлардың бәрі,
оларды іске асыратын адамдар болмаса, түкке де тұрмас еді.
Біз жаңа астананың негізін салдық. Арман қала ақыр соңына
дейін біздің ұрпақтарымызбен, жас қазақстандықтармен
жүзеге асырылады. Қазір енді ғана Астана парктері мен
өзен жағалауында серуендеп, оның фонтандарын қызықтап
және болашақ туралы армандап жүрген кімдер болса, бұл –
солардың қаласы. Бұл – Киплингтің айтқанына қарамастан,
Шығыс пен Батыс болып бірге тұтасқан қала. Бұл – бостандық
туралы ежелден далалық арман мекен еткен қала. Бұл –
біздіңонбесжылғыжолымыз бастап әкелгенжәне бүгінде осы
жол енді ғана басталатын қала. Бұл – біздің жол, Қазақстан
жолы.