Page 457 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
456
Астананы ауыстырудың басты себебі – мемлекеттік
дамудың перспективаларын толықтай жүзеге асыру болып
табылды. Астананың тарихи жағынан Азия мен Еуропаны
жалғастырған орталық болуы, оның республикалық басты
көлік, темір жол және әуе жолдарын байланыстырып жатуы
да айтарлықтай үлкен рөл атқарды.
Жаңа астананың болашағыШығыс пен Батыс мәдениеті-
нің жиынтығында болып көрінеді. Еуразия идеясы секілді,
идеалдың өзі де өте қайшылықты болып көрінеді. Бірақ бұл
бөгет емес. Астана Еуропа мәдениетінен – прагматизмді, ал
Шығыстан – рухани дәлдікті мұра етіп алады.
Астананы ауыстыру мемлекеттік идеологияны жасау-
дағы бетбұрыс кезеңі болды. Өткен уақыттағыдай әрбір
кеңес адамы үшін Мәскеу идеал болса, қазір Астана да
мемлекеттігіміздің қалыптасу нысанына айналды. Және
де патриоттық пен азаматтық идеялары дәл осы астана
құрылысының өнегесі арқылы толықтырылуы мүмкін. Жаңа
астанаға келешегін іздегенмыңдағанжас қыз-жігіттер келуде.
Жас қала солармен бірге көркейіп өсуде.
Маған бірде: «Нағыз көшбасшыны адамдар міндетті
түр­де ұнатуы керек пе және оған қалай қол жеткізуге
болады? Егер де әрбір шешім біреулерге тиімді болып,
басқалардың мүддесіне нұқсан келтірсе, ондай қалай бо-
лады?» – деген сұрақ берілді. Осы орайда менің айтарым
мынау, біздің мемлекетіміздің өміріндегі ең маңыздысы – өте
қиын және өте қолайсыз шешімдер болды. Алайда нағыз
көшбасшыға адамдардың мейірімі міндетті түрде керек. Әр
көшбасшыда өзі игере алатын белгілі бір биіктік болуы керек,
ал айтарлықтай бірдеңе жасау – арман. Егер де ондай ар-
ман болмаса, саясатқа барудың, ел басшылығын өз қолына
алудың керегі жоқ. Мұндай арманды жүзеге асыру үшін
бойдағы барыңды беруің, тіпті өз болашағыңды, абырой-
беделіңді бәске тігуің қажет. Жаңа тәуелсіз мемлекетіміздің