Page 456 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Ж
АҢА ДӘУІРДІҢ ЖАҢА АСТАНАСЫ
455
ескерткенімдей, осыдан бір жыл бұрын менің Астана туралы
«Еуразия жүрегінде» атты кітабым жарық көрген. Әрине, деп
ойлаймын мен, мен жазбасам да, біздің замандастарымыз
жазбаса да, Қазақстанның жаңа астанасы туралы кітаптың
бір замандарда жазылып шығары сөзсіз. Ол кітапта Астана
құрылысшыларының ерлікке толыеңбекжылдары, онда ұлан-
ғайыр еліміздің түкпір-түкпірінен арнайы келгендер туралы
әңгіме болары да хақ. Мен бұл кітапта тек сол бір тамаша
кезең туралыжәне оның әрбір қазақстандық үшінмән-маңызы
туралы сәттерді ғана бейнелеп айттым.
Б
олашақтың
қаласы
Әр жыл сайын Астана өзінің туған күнін тойлайды. Бұл
алтыншы шілде. 1994 жылы Парламент астананы ауысты-
ру туралы менің ұсынысымды қабылдаған – дәл сол күн.
Мұндай шешімді қалалық мәслихат та қабылдады. Қалада
Астана Күні мерекесіне арналған түрлі мерекелік шаралар
өтеді. Қазақстандықтардың әкімшілік орталықты ауыстыруға
қатысты көзқарасы өзгергеніне біраз уақыт өтті. Көптеген
қоныс аударушылар, қазіргі астаналықтар Астананы шын
жүректен өз туған қаласы санайды. Қазақтар: «Сөз қуған –
пәлеге, жол қуған – қазынаға жолығады» деп текке айтпайды.
Қазақстанның жаңа нысаны ретіндегі жаңа астанасын
құру – бұл орасан зор еңбек. Құрылысшыларға, соның ішінде
шетелдік компанияларға мен Президент әкімшілігінің Үкімет
пен министрліктердің жұмысын ұйымдастыруда барлық
ауыртпалықты көтеріскен мемлекеттік қызметшілердің орта
буынына үлкен алғысымды білдіремін. Сондай-ақ осыған
қатысты болғандардың бәріне де ризамын. Кереметтей
ауқымды жұмыстар жасалды, біз үлкен іс атқардық. Келесі
жылдан мұнда, Ақмолада, жаңа қаланың құрылысын бастай-
мыз, – деп мен сол кезде-ақ айтқанмын.