Page 274 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Ұ
ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
273
тырыстық, бірақ гиперинфляция жағдайында оны осылай
жүргізу өте қиын болып еді. Осындай ахуалда кешеуілдеу
мүлде апатқа ұшыратуы мүмкін еді.
Сол кездерді еске ала отыра, мен, бәрінен бұрын осы
реформаларға кірісердегі біздің өзімізге алған жауап-
кершіліктің аса ауыр салмағын да ойлаймын. Кеңестік эко-
номика құлағаннан кейін, жылдар бойы жиған-тергендерін
жоғалтқан адамдарды біздің еліміздің қаржы жүйесіне
қайтадан сендіре қою қиын еді. Барлық қайта құрулардың
әр жағында, ол неге қатысты болмаса да, мейлі салық, мейлі
қаржы реформасы бола ма, біз бәрінен бұрын өз азамат-
тарымызды ескердік, солардың алаңсыз тұрмысына деген
жауапкершілік біздің мойнымызда еді.
Бүгіндері мені көп адамдар сынай берсін. Кейде маған
жұрт тіпті ақылға сыймайтын кінәлар тағады. Мен осыбос сөз-
дер мен негізсіз сындарға көңіл аудармасам да болатынын
білемін, өйткені,мағансенсеңіздер, бұлменіңөзімежәнеменің
үзеңгілестеріме алған жауапкершілік жүгімен салыстырғанда
түкке тұрмайды. Мұндай реформаландырудың тәжірибесі
болмағандықтан, біз тәуекелге барғанбыз. Біз бір нәрсені ғана
білдік – мемлекеттік аппарат пен біздің экономикамыздың
қалыпты қызмет жасауына мүмкіндік беретін, тәуелсіз қаржы
жүйесін құруды тақыр жерден бастау керек болды.
Біздегі ұлттық қаржы жүйеміздің реформалануы мен
оның даму эволюциясын шартты түрде екі кезеңге бөлуге
болады. Бірінші кезең – шамамен 1991 жылдан 1997 жылға
дейін қамтиды. Бұл жылдары біздің алдымызда экономи-
каны ырықтандыру және макроэкономикалық тұрақтануға
жету мәселелері тұрды. Екінші кезең – Қазақстанның қаржы
жүйесінің тұрақтанудан кейін ны­ғайтып, одан әрі қарқынды
дамуы – 1998 жылдан басталды. Дүниежүзілік қаржы дағда-
рысын еңсергеннен басталған бұл кезең, менің ойымша,
бүгіндері де жалғасып келеді.