Page 273 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
272
Осы кітаптың өткен тарауларында мен мемлекетті жанды
организммен салыстырған болатынмын. Маған осы теңеу өте
ұнайды. Қазақстанды құруға кіріскенде, мен оны көзіме дәл
солай – бір жердің аумағында, бір заңның аясында және бір
қоғамның шеңберінде тұрып жатқан адамдардың өзіндік бір
бірегей бірлестігі, өсіп-өнген, қалыптасқан біртұтас организм
түрінде жиі елестететінмін. Осы теңеуді одан әрі дамыта-
тын болсақ, онда экономика – бүкіл организмнің тіршілік
қызметін, елдің жалпы «зат алмасуын» қамтамасыз етіп оты-
ратын күре тамыры, ал қаржы, өз орайымен экономиканың
«қан таратушы жүйесі» болып шығады.
Сол себепті жақсы қалыптасқан қаржы жүйесі болуының
маңызын ескере отырып, 90-шы жылдарда басталған және
одан кейінгі кезеңдерде іске асырылған экономикалық қайта
құрулардың көпшілігі қаржы саласына қатысты болды.
Жағдай солай болды, біз бұл реформаларды өте күрделі
уақытта бастадық. Дегбірі қашқан жұрт болып жатқан
барлық жағдайды қынжыла қабылдайтын. Кеңестік жүйенің
күйреуімен «күйзелген» экономика нағыз «қаржы дауылын»
басынан кешіріп жатты. Халық тұтынатын тауарлардың
тапшылығы, ақшаның қатты құнсыздануы, халықтың жинақ-
таған барлық салымдары мен күнделікті табыстарының
құнынжоюы– осы құбылыстардың барлығы орасан екпінмен
өсіп отырды. Экономикадағы қаржыны тұрақтандыруды
қамтамасыз ету және инфляцияны ауыздықтау керек болды.
Халықтыңмұқтаждықтарынжәне мемлекеттік қызмет көрсету
мен оны атқаруды барынша қамтамасыз ететін айқын, тиімді
және тұрақты бюджетті орнықтыру қажет болды.
Реформаның әлеуметтік бағасының өте қымбатқа түсе-
тінін біз түсіндік. Сонымен қатар басқа дамыған елдердің
тәжірибесінен нарықтың қалыптасу процесі реформаның
әлеуметтік жақтарын ысырып тастамайтынын көрдік. Біз ре-
форманы халықты барынша қорғаштай отырып іске асыруға