Page 275 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
274
Ашығын айтсақ, егер шын мәнінде біздің қаржы жүйе-
міздің қалыптасуын кезең-кезеңімен, барлық іске асырылған
қайта құруларды сипаттай отыра көрсететін болсақ, онда
бұл жеке кітап жазуды талап етер еді. Ал мен бұл тарау-
да реформаландырудың жалпы процестеріне және біздің
қаржы жүйемізді дағдарыстан шығарудың жолдарын қалай
іздестіруге, соның нәтижесінде ТМД елдерінің ішіндегі топ-
басшысына қалай айналғанымызға тоқталғым келеді. Бұл
тарауда біздің банк жүйесінің, мемлекеттік қаржы саласының,
сол сияқты зейнеткерлік реформасының және ұлттық қорды
қалыптастырудың мәселелері жекелей қарастырылады.
Бұдан басқа да сөзсіз көңіл аударуға тұрарлық сәттер көп:
қазақстандық қор нарығының, бағалы қағаздар нарығының,
елдің мемлекеттік қарыздарын басқарудың қалыптасуыжәне
т.б. көптеген мәселелер.
Біздің ұлттық қаржы жүйеміздің қалыптасуының ба-
рысында реформаландыруға, бірінші кезекте, оның банк
саласы, салық және бюджеттік құрылымы жататын еді.
Кейбір мағынада, зейнеткерлік реформаны іске асыру және
Ұлттық қорды құру менің ерекше мақтанышыма айналды.
Бұл тарау сіздерге барлығының қалай болғандығы туралы,
сол кезеңде қандай қиындықтарға тап болдық және әлем
қауымдастығының біздің қаржы жүйемізді мойындауына
біздің қалай келгенімізді баяндап береді.
А
лғашқы
қадамдар
:
экономиканы
ырықтандыру
, 1991–1997
жылдар
«Әркімнің – қабілетіне қарай, әркімге – еңбегіне қарай»
дейтін коммунистік «Алыстағы Тамашаға» жетуге ұмтылған
Кеңес Одағының басшылығы көп жағдайда шаруашылық
және өндірістік қатынастарды құрғанда, экономикалық
мәннен әлдеқайда қашық жататын ойды басшылыққа