Page 96 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

96
− Ақтау және Әзірбайжан портындағы астық терминалдарының жылына 500-800 тонна
астық арту қуаттылығын ескеретін болсақ, қазіргі күні Ақтау портынан артылған астық
көлемі небәрі 187,9 мың тоннаны құрағанын ресми мәліметтер бойынша назарға алсақ,
астық тасымалдаудың әлеуетіне астық терминалының қуаттылығы толық пайдаланылмай
отыр;
− Қытай мен Еуропа және Біріккен Араб Әмірлігінен Алматыға контейнерлі жүк
тасымалының Серахс пен Ақтау порттары арасындағы тарифтерді салыстыру нәтижесінде
контейнерлі жүк тасымалының әлеуетіне немесе транзитті жүк ағымын тартуға кері әсерін
тигізетін фактор - баға саясатының қолайлы жағы ашық мәселе болып отыр;
− Әзірбайжан, Грузия, РФ-ның территориялары бойынша өтетін транзиттік темір жол
тарифі мен Ақтау - Баку бағытындағы шығындарды салыстыру негізінде ТРАСЕКА дәлізі
бойынша жеңілдіктердің тартымдылығына байланысты, оның жүзеге асуы
мемлекетаралық келісімдердің шешілуіне тәуелді болып отыр.
7. Ақтау порты арқылы тасымалданатын транзитті жүк ағымын ынталандыру мақсатында
ТРАСЕКА дәлізі бойынша жеңілдетілген тарифтік ставканы енгізу, Ақтау портында
ресейлік металл өнімдерінің транзиттік көлемін тегін сақтау мерзімін 90 күнге дейін
ұзарту, «Каскор- Транссервис» АҚ-ның Ақтау портына дейінгі монополиялы және жоғары
тарифтік ставкаларын «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ-ның жүк тасымалдау тарифіне
сәйкес үйлестіру қажет.
8. Ақтау портының солтүстік бағытқа кеңейтілу үдерісін ескеріп, порт инфрақұрылымын
халықаралық стандарттарға сәйкес деңгейге көтеру үшін материалды-техникалық базасын
жаңғырту қажет. Нақтылай келсек, жаңа өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды салу,
жүктерді тиеп/түсіру жұмыстарына арналған технологиялық құрылғыларды орналастыру,
құрылыстар мен құрылғыларды күрделі жөндеуден өткізу керек. Сонымен қатар «Ақтау
теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында кеме құрылысы мен кеме жөндейтін
кәсіпорынды «Керреі Kazakhstan» өндірістік алаңы жанында ұйымдастыру қажет.
9. Қазақстанның теңіз жүк тасымалын жетілдірудегі контейнерлі жүк тасымалының
транзитті жүк ағымының дамуына ықпалын тигізетіні анықталынып, контейнерлі жүк
тасымалының дамуына қозғаушы фактор болып табылатын келесі шараларды жүзеге
асыру қажет:
− Әзірбайжаннан транзитті жүк тасымалын, соның ішінде контейнерлі жүк тасымалының
көлемін ұлғайту мақсатында жеміс-көкөніс терминалының құрылысын салу қажет. Бұл
ауылшаруашылық өнімдерінің транзитті жүгін жеделдетуге ықпалын тигізеді, Маңғыстау
өңірінің жеміс-көкөніс бағасының маусымдық сипат алатын қымбаттауын тежейді;
− Контейнерлерді өңдейтін тасымалдайтын, және қоймаға қоятын заманға сай техникалық
жабдықтарды енгізу, сонымен қатар контейнерлерге кешенді техникалық қызмет
жүргізетін сервистік орталықтар қажет;
− «Казтранссервис» АҚ-ның ішкі нарықтағы тасымалдау қызметін сыртқы нарыққа
шығару мақсатында жүк ағымының Ақтау порты бағытына бағдарлау қажет. Бұл өз
алдына контейнерлі жүк тасымалының көлемін ұлғайтуға әсерін тигізеді.