Page 95 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

95
байланысты Қытайдан келетін жүк ағымының Таяу Шығысқа, Кавказға жүретін бағытын
Ақтау порты арқылы өткізу тиімді болады.
Халықаралық көлік дәлізіндегі Ақтау портының транзиттік әлеуетін дамыту барысындағы
қолайлы жағдайлар келесідей: «Солтүстік-Оңтүстік» көлік дәлізі арқылы жүк тасымалы
Солтүстік, Орталық, және Батыс Европаға өте алады; Жүк тасымалдау мерзімі ескі Суэц
каналы арқылы мерзімнен 15 сөткеге қысқарады; Үндінің, Пәкістанның. Иранның,
Ресейдің Европа елдерінің ауқымды және көлемді нарығын ескеретін болсақ, бұл көлік
дәлізі ыңғайлы болады.
Ақтау порты осы ауқымды нарықтың бір бөлігін қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар. Өзінің
параметрлері негізінде ТМД мемлекеттеріндегі порттармен (Астархань-Оля, Махачкала,
Баку, Түркменбашы,) салыстырғанда бәсекелестік қабілеттілігі жоғары. Ақтау порты
маңында Каспий қыс мезгілінде қатпайды, порт жыл бойы жұмыс істей алады, ал қызмет
атқаратын мамандар мен порттың жабдығы тәулік бойы қызмет атқара алады. Бұл
параметрлер Астархань және Оля порттарымен салыстырғанда біраз артықшылықтары
бар. Бір ғана кемшілігі - теңіздің аптап желі мен үлкен толқындары 3 күннен 10 күнге
дейін жыл мезгілінің кез келген уақытында пайда болып, келеңсіз жағдай тудыруы
мүмкін.
Ақтау халықаралық теңіз сауда портына бәсекелес порттар белгілі, олар: Ресейдің
Астрахань, Махачкала, Оля және Түркменстанның Түркменбашы порттары. Ақтау порты
арқылы өтетін транзитті жүк тасымалын ынталандыру мақсатында теңіз
инфрақұрылымының қызметін халықаралық стандарттарға сәйкес сервистік қызметін
жетілдіру қажет. іскерлік серіктестік қызметіне Иран Ислам Республикасының Анзели
порты, Ноушахр, Нека, Амирабад порттары жатады. Иран Ислам Республикасының метал
өңдеу өнеркәсібінің дамуына байланысты Ақтау порты арқылы транзитті металл
тасымалын бағыттау қажет.
5. Теңіз көлік әлеуеті халықаралық көлік дәліздеріндегі позитивті және негативті
факторларға тәуелді. Позитивті факторлар қатарына: өнеркәсіп өндірісінің қолайлы даму
үрдісі, Қазақстан мен ТМД мемлекеттеріндегі мұнай өндірудің және жүк тасымалының
қарқынды дамуы; өнеркәсіп өндірісінің көлемін ұлғайту бойынша кәсіпорын қызметіне
мемлекет тарапынан қолдаудың орын алуы; Иран мен Қытай нарығының Ресей, Батыс
Европа және т.б. елдерге жүк тасымалының белсенді бағытталуы.
Неғативті факторлар қатарына: мұнайдың құю мен тасымалдау көлемі порт өндірісінен
тәуелсіз және шектеп жатқан өндірістік инфрақұрылыммен байланысты болуы; экспортқа
бағытталған кәсіпорындармен салыстырғанда географиялық орналасуы қолайлы –
бәсекелес порттардың көптігі; КТК мұнай құбырын пайдалануға ендіру және осы құбырға
«ТШО» өндіретін мұнайды тасымалдау көлемінің ұлғаюы; тарифтік саясатты икемді
жағдайда реттеу мүмкіндігінің шектеулігі жатады.
6. Ақтау теңіз сауда портының ресурстық көздері бойынша әлеуеті жоғары, бірақ толық
пайдаланылмау себебіне байланысты келесі негіздемелер бойынша тұжырым жасаймыз:
− Ақтау порты арқылы Ресейдің транзитті металл өнімдерін тасымалдауға байланысты
бәсекеге қабілетсіз тарифтердің орын алуы транзит жүк тасымалы көлемінің ұлғаюына
кері әсерін тигізіп отыр;