Page 97 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

97
10. Ақтау портының кеңейтілуі мен дамуы Каспий бассейні маңындағы аймақтар мен
жалпы Қазақстан экономикасына оңды ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, экспортқа
бағытталған жүк тасымалының дамуын ынталандыруы мен Ақтау портына бағытталған
транзитті жүк тасымалының дамуына мүмкіндік беруі порт қуаттылығының солтүстік
бағытта кеңейтілуімен сипатталынып отыр. Бұл факторлар теміржолдың. автомобиль
жолдарының жүкті өткізу мүмкіндігін арттырады. Демек, арнайы экономикалық аймақтың
қызметі инвестициялық климатты жақсартуға оңды әсерін береді.
11. «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында 9 инвестициялық жобалардың
жүзеге асырылуы Қазақстанның, сонымен қатар Батыс өңірінің әлеуметтік-экономикалық
жағдайына оңды ықпалын тигізеді. Ал, отандық теңіз көлік әлеуетін тікелей дамытуға
бірғана жоба, яғни Ақтау халықаралық теңіз сауда портының солтүстік бағытта кеңейтілу
жобасы әсерін тигізеді. Басқа жобалардың отандық теңіз көлік әлеуетіне жанама әсер
беретінін назарға салу керек. Себебі, арнайы экономикалық аймақта орын алып отырған
жеңілдіктер Ақтау порты үшін толық енгізілмеген. Жеңілдіктер тек қана арнайы
экономикалық аймаққа кіретін жабдықтарға кеден, баж және қосымша құн салықтары
алынбауымен шектелініп отыр. Басқа жеңілдіктер түрі. мысалы корпоративті табыс
салығы, жер және мүлік салығы секілді салықтық жеңілдіктер орын алмайды.
Сондықтан, отандық теңіз көлік әлеуетін дамыту мақсатында Ақтау халықаралық теңіз
сауда портының солтүстік бағытта кеңейтілу жобасына, жоғарыда аталған 9 жобаға
берілген барлық жеңілдіктерді қолдану қажет. Егер бұл жобалардың жүзеге асырылуы
Ақтау портының даму үрдісімен үйлесімді сипат алған жағдайында, «Ақтау теңіз порты»
арнайы экономикалық аймағының құрылу мақсаты біздің пікірімізше, отандық теңіз көлік
әлеуетін дамытуға оңды эсерін тигізеді.
Дайрабай Үсіпбаев
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРТІЗІМІ
1. Стратегия развития «Казахстан-2030». Процветание, безопасность и улучшение
благосостояния всех казахстанцев: Послание Президента страны народу Казахстана,-
Алматы: Gredo, 1999. - С.68.
2. Указ Президента Республики Казахстан. О стратегии индустриально-инновационного
развития Республики Казахстан на 2003-2015 годы.-Астана, 2003.
3. Указ Президента Республики Казахстан. О Транспортной стратегии Республики
Казахстан до 2015г.: принят 11 апреля 2006 года, №86.
4. Программа развития морского транспорта Республики Казахстан на 2006-2012 годы:
утверждена постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 сентября 2006
года, № 916.
5. Назарбаев Н.Э. ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
«Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі
бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы». - Астана, 2006 жыл.
6. Алиев У.Ж. Потенциалогия: введение в методологию, теорию, типологию,
праксеологию // Батыс Қазақстан аймағының экономикасы: өзекті проблемалар жэне