Page 94 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

94
− экономикалық әлеует - халық шаруашылығы салаларының жиынтық қабілеттілігі
ретінде;
− экономикалық әлеует-өндірістік процеске қатысты ресурстардың жиынтығы ретінде;
− экономикалық әлеует - шаруашылық субъектілері арасындағы экономикалық және
өндірістік қатынастардың нәтижесі ретінде.
Бұл ұғымның әр түрлі аспектіде қарастырылатынын нақтылай отырып, «экономикалық
әлеует» және «теңіз көлік әлеуеті» ұғымдарына келесідей тұжырым жасадық:
− «Экономикалық әлеует» - бұл әлеуметтік-экономикалық қатынастар үдерісінде қолда
бар ресурстарды тиімді пайдалану арқылы, қоғамдағы қажеттілікті, мұқтаждықты
тауарлар мен қызметтермен барынша қанағаттандыру және қалыптастыру
мүмкіндіктерінің жиынтығы болып саналады.
− «Теңіз көлік әлеуеті» - теңіз көлік саласындағы ресурстар мен өндірістік факторларды
тиімді пайдалану арқылы сыртқы факторлармен өзара тиімді байланысын үйлестіріп,
экономикалық үдерісте өндірушілер мен тұтынушыларды қажеттіліктерімен толық
қанағаттандыруға бағытталған қалыптастыру, анықтау, ұсыныс жасау мүмкіндіктерінің
жиынтығы.
2. «Теңіз көлік әлеуетінің» қалыптасу мен даму сызбасында басқару жүйесі ретінде
ұйымдастырушылық-құқықтық, экономикалық шешімдер қабылдайтын мемлекет, оның
ішінде теңіз көлік саласы дамуын қадағалайтын салалық министрліктер, ведомствалар,
кәсіпорынның басқару аппараты орын алады. Теңіз көлік саласының ресурстық көздері
бойынша және өндірістік факторларының әлеуетті мүмкіндіктері жиынтық күйде
пайдаланады.
Оны пайдаланудың нәтижесі өндірушілер мен тұтынушылардың қажеттіліктерін
қанағаттандыруға бағытталады. Ресурстық және өндірістік әлеуетті пайдалану кезінде де,
соңғы нәтижеде де жетілген көлік әлеуеті туындап, нақтылы жеткен деңгейін көрсетеді
және ол үзіліссіз қарым қатынаста жүреді. Ал, перспективалы теңіз көлік әлеуеті қолда
бар ресурстарды тиімді пайдаланып, басқару жүйесінің ұдайы даму өндіріс үдерісіне
ықпалын тигізеді.
3. Көлік саласының ұдайы даму өндіріс процесін қамтамасыз ету мақсатында өндірісте
өндірілген материалды құндылықтарды тұтынушыға жеткізу процесіне үзіліссіз қызмет
атқарады. Теңіз көлік инфрақұрылымы жалпы көлік саласының құрамдас бөлігі ретінде
көлік әлеуетін дамытуды қамтамасыз ететін фактор болып табылады. Көлік саласының
ұлттық және әлемдік экономикалық қатынастың байланысына ықпалын тигізу үшін
экспорттық әлеуеттің деңгейін жоғарылату мақсатында теңіз көлік инфрақұрылымы жүк
тасымалының қарқынына әсерін тигізеді. Теміржол станциялары, автомобиль және
өзендердің кірме жолдары, жүктік, қоймалық терминалдар, айлақтардың әлеуетін
пайдалану, контейнерлік жүк сақтау, жүк тасымалдау қызметтерін жетілдіру, өндіруші
мен тұтынушы арасындағы байланысты нығайтады.
4. «Солтүстік-Оңтүстік», «ТРАСЕКА», халықаралық көлік дәліздеріндегі Ақтау
халықаралық теңіз сауда портының алатын орны мен транзиттік мүмкіндіктері ерекше.
Отандық порттың халықаралық порттармен бәсекелес жағдайда қызмет атқару жағдайына