Page 93 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

93
контейнерлік жүк, қара және түсті металл, азық-түлік. құрылыс материалдары, жабдықтар,
химиялық өнім және минералды тыңайтқыштар.
Құрылыс материалдарының тасымалдану көлемі «Ақтау теңіз порты» арнайы
экономикалық аймақтың құрылысына қажеттілігімен және басқа да аймақтарға транзитті
тасымалын жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Жабдықтар және доңғалақты техникалардың импорты Каспий теңізінің қазақстандық
секторының дамуына сәйкес туындайтынын атап өткен жөн.
Химиялық өнімдер мен минералды тыңайтқыштардың тасымалының транзитті көлемі
Қытайдың каустикалық содасының Иран бағытына бағытталу мүмкіндігінен туындайды.
Себебі, Иранның бұл өнім түріне жылдық қажеттілігі 1 млн. тоннаға бағаланып отыр.
Осындай құрғақ жүк түрлерінің «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймақтың
солтүстік бағыттағы кеңейтілу жобасының жүзеге асырылуына байланысты тасымалдану
әлеуеті болжанып отыр.
Қорытындылай келе, Ақтау портының кеңейтілуі мен дамуы Каспий бассейні маңындағы
аймақтар мен жалпы Қазақстан экономикасына оңды ықпалын тигізеді. Сонымен қатар,
экспортқа бағытталған жүк тасымалының дамуын ынталандыруы мен Ақтау портына
бағытталған транзитті жүк тасымалының дамуына мүмкіндік беруі порт қуаттылығының
солтүстік бағытта кеңейтілуімен сипатталынып отыр. Бұл факторлар теміржолдың,
автомобиль жолдарының жүкті өткізу мүмкіндігін арттырады. Демек, арнайы
экономикалық аймақтың қызметі инвестициялық климатты жақсартуға оңды әсерін
береді.
Сондай-ақ, арнайы аймақтардың нақтылы мақсаттарының. ерекшеліктерінің белгілі болып
жіктеліну сипаты «Ақтау теңіз порты» аймағы бойынша орын алып отыр. Ол ұлттық
мүдденің дамуы мен әлеуетті инвесторлардың мүдделеріне сәйкес келіп, экспорттың
дамуына көліктік-географиялық және басқа да алғышарттардың орындалып
жатқандығымен сипатталады.
«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының аясында жүзеге асырылып жатқан
Ақтау портының солтүстік бағытта кеңейтілу жобасы тек теңіз жүк тасымалының
әлеуетіне тікелей ықпалын тигізеді. Ал, басқа жобалар, яғни жоғары технологиялы өнім
шығаратын зауыттар, құрылыс материалдар зауыты және т.б. аймақтың және
Қазақстанның экономикасының дамуына әсерін тигізеді. Егер бұл жобалар Ақтау
портының даму үрдісімен үйлесімді сипат алған жағдайында, арнайы экономикалық
аймақтың құрылу мақсаты орындалады деп тұжырым жасаймыз.
ҚОРЫТЫНДЫ
1. Теңіз көлік әлеуетін дамыту мәселесі төңірегінде ғылыми теориялық зерттеулердің
нәтижесі «әлеует» терминінің әр түрлі сипаттағы түсінікте қалыптасқан анықтамалар мен
тұжырымдардан тұратыны нақтыланды. Экономикалық әлеуеттің мағынасын ашу
бойынша бірқатар анықтамалар мен сипаттамалардың кездесетінін назарға ала отырып,
келесідей жіктеуге болады: