Page 86 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

86
3.3 Халықаралық және отандық арнайы экономикалық аймақтарындағы теңіз көлік
әлеуетінің дамуы
Теңіз көлік әлеуетін дамытуға ықпалын тигізетін экономикалық реформалардың бірі
болып табылатын еркін экономикалық аймақтардың орны ерекше. Осы орайда еркін
экономикалық аймақтың әлемдік тәжірибеде қалыптасу үрдісі мен отандық еркін
аймақтардың қалыптасуындағы ерекшеліктерді қарастыру арқылы отандық теңіз көлік
әлеуетіне әсерін анықтау зерттеу жұмысының бір аспектісі болып отыр.
Әлемдік экономикада 60-жылдардан бастап еркін аймақтардың дамуы бойынша біршама
тәжірибенің жинақталғандығы байқалады. Көп мемлекеттерде аймақтардың бірнеше түрі
қалыптасып даму үстінде, солардың келесі түрін атап көрсетейік:
− арнайы сауда аймағы (еркін кеден аймағы, еркін порттар, транзиттік)-ұлттық кедендік
территориядан алшақ орналасқан ықшам территориялық құрылым;
− өнеркәсіптік, сауда және ғылыми-өндірістік (импортқа және экспортқа бағытталған,
оффшорлы) аймақтар - арнайы кедендік. фискальдық және қаржылық жеңілдіктері бар
және әр түрлі режимдердің үйлесімін пайдаланатын аймақ болып табылады;
− инновациялық (технополистер, өнеркәсіптік және ғылыми парктер) аймақтар - бірыңғай
фискальді және қаржылық жеңілдіктер жүйесін қолданатын ұлттық және/немесе шетелдің
зерттеу, жобалық, ғылыми-өндірістік фирмаларын шоғырландырады;
− кешенді аймақтар (арнайы кәсіпкерлік аймақ, арнайы және айырықша аймақ, айрықша
режимдегі территориялар).
Көптеген мемлекеттерде өнеркәсіптік, технологиялық парктер, кәсіпкерлік аймақтар
оффшорлы компаниялар, сауда және өнеркәсіп түрдегі арнайы кедендік территориялар.
Технопарктердің әлемдік экономикада кеңінен орын алып отырғандығы белгілі, мәселен
олардың саны 700-ден асады, соның ішінде АҚШ-та- 140, Қытайда - 130.
Арнайы экономикалық аймақтардың жіктелуінде өнеркәсіптік өңдеу аймағының орын
алып, оның құрамына-импорт алмастыру аймағы, экспорт алмастыру және экспорт-
импорт алмастыру аймақтары болып бөлінеді. Бұл аймақтардың кеңінен тараған түрі 70-
80 жылдары техникалық-өндіру аймақтары ретінде қызмет атқарған. АҚШ-та кездейсоқ
жағдайлармен стихиялы түрде қалыптасса, Жапония мен Қытайда-ірі ғылыми
орталықтардың құрамында мемлекеттің тікелей қолдауымен арнайы құрылып отырған.
Аймақтардың нақты бір белгілер бойынша даму үрдісін анықтау немесе бір бағытта ғана
дамуы сирек кездесетін жағдай, яғни белгілі бір аймақтағы белгілер басқа арнайы
аймақтарда кездесуі мүмкін. Арнайы аймақтардың құрылуында және экономикада
пайдалану үдерісінің нәтижесі аймақ қызметінің бірқатар ережелерінің қатаң түрде
сақталынуымен орын алады. Бұл ең алдымен нақты мақсаттардың ұстамдылығы, шектеулі
әрекеттерге жүйедегі преференциялардың сақталуы, демек даму үрдісінде белгілі бір
өзгерістерге ұшырамауы. Осы критерийлер орын алған жағдайда аймақтардағы мақсаттың
толық орындалуына кепіл болмақ. Арнайы экономикалық аймақ қызметінде шоғырланған
салалық немесе мемлекеттік органдардың құзіретінен салыстырмалы түрде тыс
дараланған басқару орғанының қызмет атқаруы қажет.