Page 85 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

85
Контейнерлі жүк тасымалының теңіз көлік әлеуетінде өзіне тән ерекшелігін назардан тыс
қалдырмауымыз қажет. Ол ерекшелік теңіз контейнерлі тасымалдаудың кейбір
артықшылықтары мен кемшіліктеріне байланысты.
Артықшылықтар қатарына келесілерді жатқызамыз:
− жүк тасымалының төмен құны;
− жүктердің айтарлықтай ауқымды көлемін тасымалдау мүмкіндігінің жоғарылығы;
− жүк жөнелту кезіндегі қауіпсіздік;
− клиенттермен жеке жұмыс жасаудың ыңғайлылығы.
Кемшіліктер қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:
− жүк тасымалдау жылдамдығының шектеулілігі, порттан кеменің шығу графигіне
тәуелділігі;
− жүк тасымалдауға контейнерлер түрлерінің шектеулілігі;
− ауа райына тәуелділігі, порттың өткізу қабілеттілігінің шектеулілігі.
Сонымен, Қазақстанның теңіз жүк тасымалын жетілдірудегі контейнерлі жүк
тасымалының транзитті жүк ағымының дамуына ықпалын тигізеді. Контейнерлі жүк
тасымалының дамуына қозғаушы фактор болып табылатын келесі шараларды жүзеге
асыру қажет:
1. ШҰАР мен Европа арасындағы жүк айналымы 30 млн. тоннаға дейін жету
ықтималдығын ескеретін болсақ, Ақтау порты арқылы контейнерлерді тасымалдау
маршрутының әлеуетін көтеру мақсатында ҰК «Қазақстан темір жолы» ТРАСЕКА дәлізі
бойынша төмендетілген коэффициенттерді енгізу қажет. Бұл ұсыныс осы бағыт бойынша
жүк ағымының ұлғаюына септігін тигізеді.
2. Әзірбайжаннан транзитті жүк тасымалын, соның ішінде контейнерлі жүк тасымалының
көлемін ұлғайту мақсатында жеміс-көкөніс терминалының құрылысын салу қажет. Бұл
ауылшаруашылық өнімдерінің транзитті жүгін жеделдетуге ықпалын тигізеді, Маңғыстау
өңірінің жеміс-көкөніс бағасының маусымдық сипат алатын қымбаттауын тежейді.
3. Контейнерлерді өңдейтін тасымалдайтын және қоймаға қоятын заманға сай техникалық
жабдықтарды енгізу, сонымен қатар контейнерлерге кешенді техникалық қызмет
жүргізетін сервистік орталықтар қажет.
4. «Казтранссервис» АҚ-ның ішкі нарықтағы тасымалдау қызметін сыртқы нарыққа
шығару мақсатында жүк ағымының Ақтау порты бағытына бағдарлау қажет. Бұл өз
алдына контейнерлі жүк тасымалының көлемін ұлғайтуға әсерін тигізеді.