Page 87 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

87
Арнайы экономикалық аймақтардың құрылуы экономикалық дамудың нақтылы бір
мәселесіне, ерекше міндетін орындауға бағытталуы тиіс. Бұл экономикалық дамудың
міндеттерін орындаудағы арнайы экономикалық аймақтың сәйкес моделінің құруын талап
етеді.
АҚШ-тағы арнайы экономикалық аймақтардың автокөлік саласының жедел қалыптасып
дамуымен байланысты 1934 жылдардан дами бастаған. АҚШ-қа кіретін импорттық
құрамдас бөлшектердің тарифін төмендету мақсатында сыртқы сауда аймағы құрылды.
Олардың саны қазіргі таңда200-ден асады. Бұл аймақтардың сыртқы экономикалық
аймақтың дамуына, ДҚШ-тың халықаралық саладағы үлесін арттыруға зор ықпалын
тигізді.
АҚШ-та кәсіпкерлік аймақтар және технологиялық парктер жақсы дамыған. Соның ішінде
кәсіпкерлік аймақ 1980 жылдардан қызмет атқарып келе жатыр. Оның мақсаты ішкі
аймақтың дамуына ықпалын тигізуге және депрессивті аудандардағы шағын және орта
бизнестің дамуына әсерін тигізу, өмір деңгейін жоғарылату. Осы аймақтардағы
қаржылық, салықтық жеңілдіктердің тұрақты орын алып, әлеуметтік тиімділігі жоғары
болғандығын куәландырады.
Арнайы экономикалық аймақтардың тиімді қызметі Америка экономикасына тиімді
жағымен әсерін тигізді.
Жапонияның еркін экономикалық аймақтарының дамуының 2 нұсқасы бар. Бұл 1980
жылдары қалалардың және оған шектеліп жатқан аудандардағы жоғары технологиялы
салалардың, ғылыми-зерттеу институттары шоғырланған технополистер. Басты мақсаты -
орталықтағы өнеркәсіп объектілерін шет аудандарға бағыттап, өнеркәсіпті ғылыми
ауқымды және энергия үнемдеу сипатына бағдарлау, ғылыми зерттеу жұмыстарын
жандандыру болып табылады.
Екінші нұсқасы импорттың даму аймағы - теңіз және әуе порттарындағы аудандарда
экспорттық тауарлардың шоғырлануын ынталандыру көзделген. Бұл өз алдына
тасымалдау шығындарын төмендетуге ықпалын тигізеді. Импортталған жүктерді өңдейтін
компанияларға төмен пайызда займдар беріледі.
Латын Америкасында тұңғыш рет «Манаус» арнайы экономикалық аймағы Бразилияда
құрылды. Ол ұлттық экономиканың дамуына барынша ынтымақтасып, елдің аймақтық
экономикасының дамуына бағытталған. Оның басты талабы - жергілікті шикізатты
пайдалану. 2013 жылға дейін шет елдік және жергілікті инвесторлар табысқа, өнеркәсіптік
бұйымдарға, машиналар мен жабдықтарға салынатын салықтан босатылған, сонымен
қатар кедеңдік жеңілдіктер қолданылады.
Еркін сауда аймақтары Батыс Еуропаның барлық мемлекеттерінде кездеседі. Германияда
6 қала-порттары еркін порттарға кіреді, олар Бремен, Бременхафен, Кукехафен, Эмден,
Киль, Гамбург. Бұл порттарда тиеу/түсіру, сақтау, сорттау, маркирлеу және тауарды сату
жұмыстары жүргізіледі, тауарларды көрмеге шығару мен сауда ұйымдастырылады,
банктік, сақтандыру жұмыстары жасалады. Еркін порттардағы айырықша жеңілдетілген
режим орын алып отыр, яғни кедендік баж салығы мен ҚҚС-тан толық босатылған.
Польшада 1996 жылдан бастап еркін кедендік аймақтар құрыла бастады. Бұл үрдіс осы
елдің экономикасына әлемнің ірі инвесторларының тартылуына мүмкіндік туғызды.
Негізгі жеңілдіктер қатарына: кәсіпкерлердің 10 жылға дейін табыс салығынан босату;