Page 76 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

76
Аталған жағдайларды назарға ала отырып Қазақстанда кеме жөндейтін зауыт салу
қажеттілігі туындап отыр. Нақтылы мәліметтерге сүйенсек, кеме жөндеу кешенін салу
үшін 4,8 млрд. теңге инвестиция жұмсалуы тиіс.
Қазақстанда кеме құрылысын мемлекет тарапынан қолдау шаралары келесідей болуы
қажет:
− кеме құрылысына катысатын инвесторлардың қызметіне салықтық, кедендік
жеңілдіктер енгізу керек. Бұл «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында
қолдануға болады;
− кеме құрылысы мен кеме жөндеу өндірісін арттыру мақсатында ғылыми зерттеу
жобаларын жүзеге асыру қажет. Ол шараны жүзеге асыру Қазақстанның даму
институттарының тікелей араласуымен тың жобаларды конкурстар арқылы таңдау қажет;
− Қазақстандағы кеме жөндеу өндірісіне қажетті мамандарды даярлау керек.
Қорытындылай келе, біздің пікірімізше Ақтау халықаралық теңіз сауда порты арқылы
Қазақстан теңіз көлік әлеуетін дамытудың негізгі бағыттары төмендегідей болуы қажет:
1. Ақтау порты арқылы жүктерді тасымалдау көлік шығындарының қымбатшылығы,
бірнеше шекаралық аймақта және көлік жүктелімі жүйесінің күрделі тармақталуы,
бірыңғай көлік құжатының жоқтығын назарға алсақ, жүк тасқынын ынталандыру
мақсатында ТРАСЕКА дәлізі бойынша жеңілдетілген тарифтік ставканы енгізу, Ақтау
портында ресейлік металл өнімдерінің транзиттік көлемін тегін сақтау мерзімін 90 күнге
дейін ұзарту, «Каскор-Транссервис» АҚ-ның Ақтау портына дейінгі монополиялы және
жоғары тарифтік ставкаларын «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ-ның жүк тасымалдау
тарифіне сәйкес үйлестіру қажет.
2. Ақтау портының инфрақұрылымын халықаралық стандарттарға сәйкес деңгейге көтеру
үшін порттың материалды-техникалық базасын жаңғырту керек.
3. Ақтау портының солтүстік бағытқа кеңейтілу үдерісінде жаңа өндірістік ғимараттар
мен құрылыстарды салу, жүктерді тиеп/түсіру жұмыстарына арналған технологиялық
құрылғыларды орналастыру, құрылыстар мен құрылғыларды күрделі жөндеуден өткізу
қажет.
4. Қазіргі күні Қазақстанда кеме жөндейтін бір ғана кәсіпорын қызметінің кеме жөндеу
жұмыстарының талапқа сай келмейтіндігін ескеріп, «Ақтау теңіз порты» арнайы
экономикалық аймағында кеме құрылысы мен кеме жөндейтін кәсіпорынды «Керреі
Kazakhstan» өндірістік алаңы жанында ұйымдастыру қажет.
3.2 Теңіз жүк тасымалын жетілдірудегі контейнерлі жүк тасымалын дамыту
бағыттары
Мамандардың болжамы негізінде 2010 жылға дейін әлемнің негізгі көлік маршруттары
бойынша халықаралық жүк тасымалының көлемі 2000 жылмен салыстырғанда екі есеге
жуық өсуі ықтимал. Сонымен қатар халықаралық сауда жүйесінің қазіргі заманға сәйкес
орын алатын контейнерлі жүк тасымалының дамуы өзекті үрдіс болып отыр. Контейнерлі
тасымалдау кез келген мемлекеттің теңіз көлігінің жұмысын ұйымдастыруда маңызды рөл
атқарады.