Page 77 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

77
Демек, бас жүктердің тасымалдау көлемінің ұлғаюы, оның ішінде контейнерлі жүк
тасымалының және энергия таратушы компаниялардың жүк тасымалы назарға алынып
отыр. 2020-2030 жылдары бұл қызмет түрлеріне европалықтар мұқтаж болып қана
қоймай, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің қажеттілігі арта түседі.
Сонымен қатар бас жүк тасымалынан басқа алдыңғы қатарлы болып саналатын және
қажеттілігі жөнінен бірінші кезекте болатын контейнерлік жүк тасымалдау контейнерлі
терминалдардың қалыптасуына ықпалын тигізеді. Мәселен, 1986 жылы контейнерлі
жүктердің дүние жүзі бойынша көлемі 62 млн. тонна ТЕУ, ал 2000 жылы - 212-220 млн.
тонна, яғни бір жылдық өсімі 8-10 % құрап отыр. Контейнерлердің әлемдегі өңдеу көлемі
2000 жылы келесідей тарамдалып отыр: Солтүстік Америка-29 млн. ТЕУ, Азия-99 млн.
ТЕУ, Европа-49 млн. ТЕУ, басқа бағыттар-35 млн. тонна ТЕУ.
Контейнерлік тасымалдау жергілікті және халықаралық контейнерлі желілер арқылы
жүзеге асырылады
Контейнер тасымалдаушы ірі компаниялардың шығу тарихын қарастырсақ, онда екі
негізгі критерий бойынша бөлуге болады. Осыған байланысты 10 ірі кеме
шаруашылығының желілері келесі критерий бойынша бөлініп отыр:
− кеме шаруашылығы желісінің шығу мерзімі;
− желінің орналасқан жері.
Ескі кеме шаруашылық желісі контейнер пайда болғанға дейін қызмет атқарған, ал
жаңадан құрылған желілер контейнердің шығу кездерінен пайда бола бастады. Ескі
компаниялар қатарына Маерск, СиЭмЭй-СиДжиЭм, Хапаг-Ллойд, ЭйПиЭл жатады, ал
жаңадан құрылған компанияларға: ЭмЭсСи, Эвергрин, Чайна Шиппинг, Ханджин, Коско,
ЭнУайКей кіреді.
Жоғарыда келтірілген екінші критерий бойынша, яғни орналасқан жеріне қарай
қарастырсақ, ЭмЭсСи компаниясынан басқалары Азияда пайда болған. Сонымен,
компаниялардың шығу тегі сол елдің немесе аймақтың экономикасының дамуына оңды
әсерін тигізеді және әлемдік экономикаға ынтымақтастығын арттырады.
Негізгі контейнерлік жүк тасқындарының бағыты әлемдік тауар айналымы шоғырланған
мемлекеттерден өтеді, яғни Европа, Азия, және АҚШ елдері арқылы. Контейнерлік жүк
тасымалының халықаралық бағытта өтетін негізгі маршруты келесідей:
Әлемдік тәжірибеге негізделетін болсақ, мультимодальды тасымалдаудың қарқынды
дамып келе жатқандығын назарға алуымыз керек. Бірақ, мультимодальды тасымалдау өз
алдына көліктің әр түрін жұмылдырумен шектелмейді. Оның басты мақсаты бірінші
кезекте контейнерлі жүктерді тасымалдауды жан-жақты түрде қамтамасыз ету болып
табылады. Жүк тасымалдауға қолданылатын стандарт түрдегі контейнерлер әр түрлі көлік
түрлерінің пайдалануын ықшамдайды.
Теңіздегі контейнерлі жүк тасымалы ішкі және сыртқы қарым-қатынастарда қолданысқа
ие болатын жүктерді үнемді тасымалдаудың және өндіруші тарапынан жүкті буып жинау