Page 75 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

75
Ақтау порты арқылы экспортқа бағытталған, импортты және транзитті жүктердің
тасымалдау әлеуетінің отандық теңіз көлік әлеуетінің халықаралық деңгейде бәсекеге
қабілеттілігін арттырумен қатар, Ақтау портымен тікелей байланысқан басқа да
экономиканың салаларына оңды ықпалын тигізеді. Бұл өз алдына көліктік кластердің
дамуына жағдай туғызады. Демек, көліктік машина құрылысы, құрылыс, сауда және
сервистік қызмет түрлерін қалыптастыру мен дамытуға жағдай туғызады.
Халықаралық дәліздердің қарқынды даму үрдісін ескеретін болсақ, нарықтың басқа
сегменттерінің жандануына септігін тигізеді және олардың дамуы Ақтау портының жүк
тасымалдау ағымының ұлғаюына қосымша жағдай туғызатын сегмент болар еді. Бұл
сегменттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады: логистикалық орталықтар мен
ақпараттық желілер, жеке меншік жүк вагондар паркінің ұлғаюы, ыңғайлы кедендік жүйе,
контейнерлік, автожолдық, мультимодальдік тасымалдаудың дамуы.
Отандық теңіз көлік әлеуетінің дамуына порт инфрақұрылымының әсері бар екендігін
алдағы тарауларда атап көрсеткенбіз және кемелер мен портальді крандардың техникалық
жағдайының төмен деңгейін анықтадық. Демек, бұл техникалық жағдайды
жандандырудың негізгі шараларын ұйымдастыру қажет.
Каспий теңізінің Қазақстандық секторындағы мұнайды барлау мен өңдеу жұмыстарының
көлемінің қарқынды дамуына байланысты кемелер санының артуы ұлғаяды, сонымен
қатар ол кемелерді техникалық қызмет көрсетуден өткізу мәселесі туындап отыр.
Каспий бассейіндегі кеме жөндеу базалары Ресей, Әзірбайжан және Иран
мемлекеттерінде орналасқан. Аталған мемлекеттерде 20-дан аса кеме құрылысы мен кеме
жөндеу кәсіпорындары қызмет атқарады. Ол кәсіпорындардың негізгі қызметі теңіздегі
мұнай өңдеу жұмыстарының қалыпты жағдайын қамтамасыз ету мақсатында әр түрлі
кластағы кемелердің құрылысы мен оны жөндеу болып табылады.
Қазіргі күні Қазақстанда бір ғана кеме жөндейтін кәсіпорын бар, нақтылай келсек
Атыраудағы «Кеме жөндеуші» кәсіпорыны. Бұл кәсіпорынның өндірістік-экономикалық
жағдайы төмен, жұмысшы күші аз (75адам) және жөндеу жұмыстарының жиі тоқтап
тұруы кеме жөндеу жұмыстарының келешегін жоспарлауға мүмкіндігін шектеп отыр.
Маңғыстау өңірінде «Ер-Сай Каспиан Контрактор» және «Керреі Kazakhstan» өндірістік
алаңдарының құрылысы жүріп жатыр. Бұл кәсіпорындар теңіз платформаларының металл
құрылғыларын жинақтаумен айналыстан болады, бірақ кеме жөндеу жұмыстарын
жүргізуді жоспарлап отырған жоқ.
Сондықтан кеме жөндеу жұмыстарының қажеттілігін ескерсек, осы кәсіпорындардың
өндірістік қызметіне қосымша кеме жөндеу жұмыстарын енгізу қажет. Ақтау және
Баутина порттарында 2006 жылдың 1 қаңтарына тіркелген кемелердің саны 100-ен асады
(зерттеу кемелері, буксирлер, қалқымалы бұрғылау қондырғылары, мұнай таситын
танкерлер, құрғақ жүк таситын кемелер және жолаушы кемелері). Каспий теңізінің
Қазақстандық секторындағы мұнайды барлау мен өңдеу жұмыстарының көлемі ұлғайған
жағдайда кемелердің саны артуы мүмкін.
Белгіленген нормативтерге сәйкес әр кемеге жоспарланған инспекция жүргізіліп және 5
жыл сайын жөндеу жұмыстарын іске асырып тұруы қажет.