Page 68 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

68
− территориялары арқылы құбырлар өтетін елдердің үкіметі және мұнай компаниялары
анықтайтын құбырлық тарифтер экспорттық маршруттарды жіктеу қажеттілігі. Қорыта
келгенде, аталған факторлардың өзгеру динамикасын болжау қиындық тудырады. Бұған
байланысты, алғашқы инвестициялық шығындарды мүмкіндігінше төмен деңгейде қолдау
және техникалық сипаттамасы оның альтернативті қолдану мүмкіндігін қарастыратын
обьектілерді салу немесе басқа қызмет түрлеріне қайта бағыттау - порт дамуын жоспарлау
кезінде маңызды факторлар болып табылады.
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТЕҢІЗ КӨЛІК ӘЛЕУЕТІНІҢ ДАМУ
БАҒЫТТАРЫ МЕН БОЛАШАҒЫ
3.1.Ақтау халықаралық теңіз сауда порты арқылы Қазақстан теңіз көлік әлеуетін
дамытудың болашағы
Қазақстанның теңіз көлік әлеуетін арттыру мақсатына жету үшін алдағы тарауларда Ақтау
портының ресурстық көздері мен өндірістік факторлары бойынша талдау жүргізу
нәтижесінде бірқатар шешілмей жатқан проблемалардың айқындалғандығы белгілі.
Проблемалардың сипаты жүк тасымалдауға сәйкес ұйымдастыру шараларының жүзеге
асырылмай жатқандығы, халықаралық деңгейдегі жобалардың отандық теңіз көлігіне
негативті әсері, географиялық жағдай, тариф мәселесі және т.б. проблемалардың орын
алып отырғандығы белгілі.
Осы проблемаларды ескере отырып, теңіз көлік саласының ресурстық көздері бойынша
әлеуетін дамытудың негізгі бағыттарын жетілдіруге байланысты ұсыныстар жүк
түрлерінің тасымалын, транзиттік мүмкіндігін арттыру мақсатында орын алады.
Қазақстанның теңіз көлік әлеуетін дамытуға тікелей әсерін тигізетін Ақтау халықаралық
теңіз сауда портын солтүстік бағытқа кеңейту жұмыстарының орны ерекше. Себебі, бұл
бағытта даму тек қана теңіз көлігінің дамуына әсерін тигізіп қана қоймай, Маңғыстау
өңірінің әлеуеметтік-экономикалық жағдайының дамуына ықпалы зор. Нақтылай келетін
болсақ, Ақтау портын солтүстік бағытқа кеңейту төмендегі сипаты бар жағдайлардың
дамуына негіз болады:
− Экспортқа бағдарланған жүк қалыптастырушы салалардың дамуын ынталандырады
және Ақтау порты арқылы өтетін транзитті жүктердің бағдарлануына мүмкіндік береді.
Бұл порттың тасымалдау қуаттылығын ұлғайту нәтижесінде толық жүзеге асырылуы
мүмкін. Сонымен қатар теміржол мен авто көліктің тасымалдау көлеміне әсерін тигізуі
мүмкін. Ол өз алдына халықаралық экономикалық байланыстардың нығаюына тікелей
әсерін тигізеді.
− «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының даму аясында инвестициялық
ахуалдың жақсаруына маңызды себеп болады.
Ол өз алдына қаржылық институттар мен жеке инвесторлардың капиталдарының
тартылуына негіз болады.
− Теңіз көлік саласына және осы нарыққа,тікелей қатысы бар шағын және орта бизнес
субъектілеріне, оның ішінде көліктік-экспедиторлық қызметтердің жандануына ықпалы
зор.