Page 67 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

67
асырылады, ол қазір контейнерлердің және ХТТ транзиттік жүк ағымының бар болуымен
бекітіледі.
Ақтау порты арқылы транзиттік жүктерді тасымалдаудың басым бағыттағы дамуын талап
ететін негізгі бағдарлары болып:
− Ұлы көпір негізгі дәліз шеңберіндегі Достық Алашанькоу-Ақтау,
− Ұлы көпірдің тіреуші желілерінің бірі шеңберіндегі Орал өңірі-Ақтау-Иран-БАӘ
табылады (Қосымша В).
Ауқымды тартылатын жүк ағымдарын тарту және жоғарыда көрсетілген бағдарларды
дамыту мақсатында бірқатар инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру қажет. Бірінші
кезеңде Амирабад портында Ақтау портындағы сияқты дөңгелектерді ауыстыру бойынша
операцияларды жүзеге асыратын мүмкіндігі бар теміржол паром терминалын салу
жөнінде Иран мен келіссөздер өткізу.
Болашақта, Достық стансасын дамыту бойынша және Жезқазған-Саксаул-Бейнеу мен
Карс-Ахалкалаки теміржол телімдерін салу бойынша жобаларды іске асыруды және де
ҚКТМ салу мүмкіншілігін ескере отырып ауқымды бағытталған жүк ағымы 3,5 млн тонна
құрауы мүмкін.
Сонымен қатар. қазіргі уақытта бәсекелес бағдарлар арқылы (Түркменбашы, Транссиб.
Астрахань) өтетін транзиттік жүк ағымының (контейнерлік, ХТТ және басқалар) қарқын
алуы тартымды тариф тәртібін құруға, Ақтау порты арқылы тасымалдау жоспарының
өзгеруіне әсер ететін Орта Азиядан соның ішінде Өзбекстаннан жүретін негізгі жүктердің
үлестес жүк жөнелтушілердің оң шешіміне байланысты.
Қазақстан - Түркіменстан - Иран мұнай магистральдары жобасын жүзеге асырған кезде
(болжамды өткізу қабілеттілігі - жылына 50 млн. тонна), Қазақстан мен Иран арасында
мұнайды теңізбен тасымалдау қажеттілігі жойылады, ол өз кезегінде Ақтау порты арқылы
мұнай тасымалдаудың 2020 жылға болжаммен жылына 15 млн. тоннаға дейін төмендеуіне
алып келеді.
Темір жол торабының тиімсіз болуына, мұнайды темір жол көлігімен экспорттауға, өткізу
қабілетінің шектеулілігіне, жеткізудің ұзақ мерзіміне, құбырлық және теңіздік
көліктермен салыстырғанда жүк тарифінің бәсекеге қабілетсіздігіне байланысты мұнайды
темір жол көлігімен экспорттау, біздің ойымызша, келешекте шекаралас елдерге
шикізатты аз көлемде жеткізумен сипатталады. Демек, болашақта Қазақстандық мұнайды
экспорттау, негізінен құбырлық және теңіздік көлікпен жүзеге асырылады. Шикізат
көлемін тарату келесі бірқатар факторлардың негізінде жүзеге асырылады:
− Қазақстандағы және тұтынушы елдердегі порттардың өткізу қабілеті (Иран, Әзірбайжан
және Ресей);
− теңіздік жүк тарифтері, олар төмендеуі ықтимал, өйткені. ҚТКФ қазіргі заманауи және
ірілеу кемелердің құрылысына қаражаттарын инвестициялауда. ал танкерлік
тасымалдаудың каспийлік нарығының бәсекеге қабілеттілігі артуда;