Page 69 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

69
− Маңғыстау өңіріне қажетті қосымша инфрақұрылымдардың дамуына, жаңа жұмыс
орындарының құрылуына септігін тигізеді.
Жоғарыда келтірілген факторларды ескеріп, Ақтау портының әлеуетінің дамуы
Қазақстанның Каспий аумағында стратегиялық мақсатта орын алуына, халықаралық
дәліздерде бәсекелестік қабілеті бар порт ретінде танылуына тікелей әсерін тигізеді.
Ақтау порты арқылы жүк түрлерін тасымалдау сипатына байланысты экспорттық
бағдарланған жүктер, импорттық жүктер және транзиттік жүктер болып бөлінеді. Қазіргі
уақытта, Қазақстаннан Иранға экспортталатын астық өнімдерінің көлемі айтарлықтай
емес, экспорттың төмендеуінің басты себептері Иран мемлекетінің азық-түлік
бағдарламасын қабылдауы болып табылады.
Осыған байланысты келесі жобаларды жүзеге асыру қажет:
− Ақтау-Баку маршрутын іске қосу, Азербайжан нарығына астық жеткізуді және Иран мен
Грузия нарықтарына белгілі бір мөлшерде астық жеткізуді қамтамасыз ету;
− Ақтау және Баку порттарындағы терминалдардың өндірістік қуаттылығын кеңейту,
Поти портында терминал құрылысын жүргізу.
Сонымен қатар Ақтау порты арқылы ТРАСЕКА дәлізі шеңберінде нақты өтетін бағдар
дәстүрлі мұхит тасымалдауымен салыстырғанда бағдарды екі есе азайтады және ұтымды
географиялық орналасады, ол Ақтау-Баку паром желісін маңызды жүктеуге мүмкіншілік
тудырады және Каспий аймақтарын дамыту мен Ақтау портының транзиттік тасымалын
ұлғайтуға, Каспий бассейнінің басқа да порттарын өркендетуге оң серпін береді. Ақтау
портын дамыту өнеркәсіптік аудандарды өркендету үшін қолайлы жағдайлар жасайды
және Батыс Қазақстан аумағын индустриялық игерудің негізгі көзі болып табылмақ.
Осылайша Ақтау портын кеңейту Каспий аймағында Қазақстанның стратегиялық қатысу
мәселесі мен бүкіл батыс Қазақстанды дамыту міндеті ретінде қаралады.
Кейінгі жылдардың ішінде экспорттық-импорттық жүк тасымалы көлемдерінің орнықты
өсімі, оның ішінде Әзірбайжан теңіз терминалдарын пайдалана отырып, ТРАСЕКА және
Инногейт халықаралық дәліздері шеңберінде артуы байқалады.
Сирек кездесетін географиялық жағдайда орналасқан Қазақстан мен Әзірбайжан өз
транзиттік-транспорттық қуатын, оның ішінде теңіз порттары арасындағы теңіз тасымалы
саласындағы әлеуетін тиімді пайдалануға мүдделі. Ақтау порты арқылы тасымалданатын
жүктердің әр түрлілігін ескере отырып, мультимодалдық тасымалдардың белсенділігін
арттыру қажет. Атап айтсақ, Карс-Ахалкалаки және Жезқазған - Бейнеу теміржолдарын
салу керек. Осы жобаларды іске асыру орта мерзімді перспективада Қазақстан мен
Әзірбайжанның теңіз порттарын пайдалана отырып, Шығыс-Батыс бағытында жүк
тасқынының көлемінің ұлғаюына мүмкіндік береді.
Осыған байланысты бәсекеге қабілетті тарифтік шарттарды құру және олардың
тұрақтылығын қамтамасыз ету негізінде Баку-Ақтау желісінде темір жолдық паромдық
тасымалдарды дамытудың маңыздылығын айрықша атап өту керек.
Мемлекет тарапынан қабылданған «Жер-Теңіз-Аспан» жобасының шеңберінде іске
асырылып жатқан маңызды жобалардың бірі транспорттық-логистикалық орталық болып