Page 58 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

58
бойынша жеңілдіктердің тартымдылығына байланысты, оның жүзеге асуы
мемлекетаралық келісімдердің шешілуіне тәуелді.
2.3 Ақтау халықаралық теңіз сауда портының маркетингтік қызметі
Отанымыздың экономика салалары құрылымының жіктеліп, сапалы да тұрақты
экономикалық өсім алып, әрмен қарай тұрақты даму үрдіс алуына бірден-бір әрекет
ретінде маркетингтік қызметтің дамуы аталған бәсекелестік қабілеттіліктің мүмкіндігін
арттырады. Осыған орай көлік саласының, соның ішінде теңіз сауда саласының маңызы
ерекше.
Демек, РМК «Ақтау халықаралық теңіз-сауда портының» тұтынушылары мен тапсырыс
берушілері арасындағы бәсекелес жағдайына талдау жүргіземіз.
Порттың көлік қызметі нарығындағы орнын анықтау мақсатында өндіруші мен
тұтынушыға дейінгі жүкті тасымалдау үдерісіне қатысатын топтарды қарастырған жөн.
Тасымалдау үдерісіне қатынасатын топтарды төмендегі негізгі категорияларға бөлуге
болады:
1. Өндірушілер.
2. Трейдингтік компаниялар.
3. Экспедиторлық компаниялар.
4. Порт.
5. Кеме ұстайтын компаниялар.
6. Тұтынушылар.
Жүк тасымалын құрайтын ұйымдардың жүк тасқынының көлемін ұлғайту үшін олардың
нарқын жіктеу мақсатында басымды топтарды анықтап, оларға маркетингтік
жұмыстардың аясын нығайту қажет.
Ақпарат көзі: «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК 2008-2010 жылдарға арналған
қаржы-шаруашылық қызметінің жоспары. - көрсетілген белгілер жүк тасымалының 5
баллдық шкаламен тасу мүмкіндігін көрсетеді.
Ақтау порты бағытында тасымалданатын жүк базасымен қамтамасыз ететін нарықтың
негізі субъектілері ретінде ірі компаниялар мен жүк базасымен қамтамасыз ететін
кешендер жатады. Сондықтан, порттың жұмысы осы ұйымдардың қызметіне кешенді
талдау жүргізіп отыруы тиіс. Экспортқа бағытталған және транзиттік жүктердің
тасқынына үнемі маркетингтік қызметтер жүргізіліп отыруы тиіс. Осыған байланысты
РМК «АХТСП» - ның маркетингтік қызметі берілген ұйымдар мен жүк легінің
мониторингінің қызметін кешенді талдау жүргізуге бағытталған.